Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1452 0 пікір 28 Қыркүйек, 2022 сағат 16:39

Мәжілісте Президенттің жекелеген тапсырмаларын іске асыру және жастар саясаты мәселелері туралы заң жобалары мақұлданды

Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Отырыста Мемлекет басшысының жекелеген тапсырмаларын іске асыру мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуге баса назар аударылды. Ол бойынша Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров пен Мәжілістің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Ғалым Әміреев баяндама жасады. Министрдің айтуынша, заңнама 5 негізгі бөлімнен тұрады. Сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты қосымша бөлімдер де бар. – Бюджетаралық қатынастарды одан әрі реформалау жөнінде жұмыс жүргізілуде.

Реформаның негізгі мақсаты – өңірлердің қаржылық дербестігін күшейту. Салық түсімдерінің кейбір түрлерін, олардың тұрақтылығы мен жинақталу қағидаттарын ескере отырып, жергілікті деңгейге беру ұсынылады, – деді Ә.Қуантыров. Заң жобасы аясында азық-түлік бағасын бақылауды бір мемлекеттік орган – Сауда және интеграция министрлігіне беру, «Самұрық-Қазына» қорының сатып алу қағидаларын Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен келісуге міндеттеу, монополиялық экономикалық функцияларды атқаруға 100 пайыз мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға ғана рұқсат беру, мұнай өнімдерін алыпсатарларға қойылатын талаптарды күшейту, креативті индустрияларды қызметтің жеке түріне айналдыру, мемлекеттік қызметке үміткер жастарды іріктеу рәсімдерін жеңілдету көзделіп отыр.

Барлығы 5 кодекс пен 17 заңға өзгеріс енгізу жоспарланған. Сонымен қатар Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Бұл заң жобасы бойынша Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Елнұр Бейсенбаев баяндама жасады. Онда жастардың даму индексін енгізу, білім беру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қызметтер көрсету, жастармен жұмыс істейтін маман түсінігін белгілеу және өзге де мәселелер көзделген.

Сондай-ақ бұл тізімге депутаттардың ұсынысымен жастар санатын 35 жасқа дейін ұзарту енгізілді. Норма бекітілсе, еліміздегі жастар саны 6,2 миллионға жетеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс пен «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңға да өзгерістер енгізіледі. Сонымен қатар Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі уақытша жұмысқа орналаспаған жастарға – NEET мәртебесін енгізу мәселесіне тоқталды. Ұсынылған заң жобасы бойынша депутаттар министрге сұрақтарын қойды. – Қарастырылып жатқан заң жобасында NEET терминін ұлттық заңнамада бекіту, осы санаттағы жастарды қолдау тетіктерін енгізу ұсынылады.

Осыған байланысты NEET жастарымен жұмыс істеуді қалай ұйымдастырғалы отырсыздар, – деді өз сауалында Мәжіліс депутаты Вера Ким. – Елімізде жұмыссыз және оқудан шығып қалған жастардың көп екені белгілі. Бұл мәселе осы заң жобасында кеңінен көрініс тапқан. NEET санатындағы жастарды төртке бөлуді қарастырып отырмыз. Біріншісі – жалпы жұмыссыз жастар. Оқудан шығып қалған, жұмыс істемейтіндер қатарын анықтаймыз. Халықты жұмыспен қамту орталықтарынан олардың дереккөздері алынады. Екінші санатта – жұмыс істей алатын мүмкіндігі шектеулі жандармен, үшінші санатта – созылмалы аурулармен ауыратын немесе зиянды нәрселерге тәуелді еліміздегі белсенді емес жастармен жұмыс істеуді қолға аламыз. Соңғысы – үй шаруасындағы жастар. Оған көп балалы, жалғыз басты аналар кіреді. Олардың саны анықталып, индексі жасақталады және жұмыспен қамту мәселесімен айналысамыз», – деді министр. Ұсынылып отырған өзгерістертулерді депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады.

Сонымен қатар бүгін депутаттар  ЕАЭО туралы шартқа Ресей азаматтары болып саналатын Еуразиялық экономикалық комиссиясының және ЕАЭО сотының лауазымды адамдары мен қызметкерлерін зейнетақымен қамсыздандыру бөлігінде өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялады. Ратификациялық заң жобасы бойынша Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Мәжілістің Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлдара Нұрымова баяндама жасады. Бұдан бөлек жалпы отырыста Конституциялық Сот, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Прокуратура, Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Конституциялық заң жобалары екінші оқылымда мақұлданды.

Жиында мәжілісмендер кейбір заңнамалық актілерге Мемлекет басшысының 2022 жылғы 16 наурыздағы Жолдауын іске асыру мәселелері туралы, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және Көлік мәселелері бойынша заң жобаларын екінші оқылымда мақұлдады. Сондай-ақ депутаттар Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстеріне қылмыстық сот төрелігі, жазаны орындау және азаптау мен қатыгез әрекеттердің алдын алу саласындағы адам құқықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және Қазақстан мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын жұмысқа алды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5290