Жұма, 22 Қараша 2024
2117 8 пікір 3 Қазан, 2022 сағат 12:14

Қазақтар Ресейліктерге тұшпара таратып жүр

Қазақстандықтар халыққа қызмет көрсету орталықтарының бірінде мобилизациядан қашқан Ресейліктерге ыстық тамақ пен шай таратты. Бұл туралы Atameken business арнасының Facebook парақшасында жарияланған бейнематериалдан көруге болады.

Көріністі бейнекамераға түсірген куәгердің айтуынша, халыққа қызмет көрсету орталығына тегін дастархан жайып, көрші елдің тұрғындарын жарылқап жүрген жергілікті халық. Олар күнде қолында барын апарып, осылай құжат рәсімдеуге келген Ресейліктерге ыстық ықыласын білдіреді екен.

– Қолдың тұшпарасы, қазақтың бауырсағы, манты, тәттілер мен ыстық шай, кофе әкелген. Жігіттер қайдан боласыңдар?

– Ресейденбіз.

–  Бұрын қазақтың бауырсағын жеп көрдің бе?

– Жоқ.

– Міне, бұл қазақтың ұлттық тағамы. Қысылмай алыңыз. Неше түрлі ашулы сөздер жазылып жатса да, қазақ халқы әрқашан өзінің қонақжайлығын ұмытпаған. Өмірді ыстық-суығына қарамастан қазақтар қонақжай халық болып қала береді. Орыстар мен қазақтарға жанжалдасуыдың керегі жоқ, -дейді куәгер Ресейлік азаматқа.

Бейнематериал астында «Қытай мен Моңғолиядан келген қандастарға неге осылай құрмет көрсетпейсіңдер, өз қазағыңды неге жарылқамайсыңдар, намыссыздар» деген сарынды пікірлер көп жазылған.

Бүгінде Путиннің мобилизациясынан қашып, Орта Азия елдеріне ағылған ресейліктер саны көп. Қазақстанға ресми емес мәліметтер бойынша 100 мыңнан артық Ресей тұрғыны келген. Олар, әсіресе, Ресеймен шекаралас Солтүстік, Батыс Қазақстан аумағына орналасып жатыр. Жергілікті халқы 300 мың болатын Орал қаласына 50 мың ресейлік келген.

Бұған дейін, Орал қаласында мобилизациядан бас сауғалағандарға тұратын жер, ішетін тамақ тауып беру үшін ерікті топтар ұйымдастырылған болатын. Кейбір қалталы азаматтар келушілерді өз есебінен тамақтандырса, қалада пәтер тапқанша жатын орын ретінде кинотеатр босатып берілді. Ресейлік АХҚО аналогы ретінде ХҚКО-да қосымша бөлімшелер ашылды, ол жерде ресейліктер тіркеліп, тіпті жұмысқа орналасуға өтініш бере алады. Ресейлік дәрігерлер қосымша лицензиясыз ресми түрде жұмысқа қабылданды.

Ресейліктердің жаппай ағылуынан елдегі жалға берілетін пәтер ақылары күрт көтерілген. Әлеуметтік желілерде «үй қожайындарының пәтерді шетелдіктерге жоғары бағамен беру үшін, тұрып жатқан қазақстандықтарды пәтерден көшіріп жіберген оқиғалар» мен көшеде жүктерімен сандалған студенттер туралы  ақпараттар тарады.

Айта кетейік, бүгінде 43 пайыз қазақстандықтың үйі жоқ, олар әртүрлі себептермен пәтер алуға шамасы келмеген соң, баспананы жалдап тұрады. Ұлттық статистика бюросының ресми деректері бойынша, елімізде бір жыл ішінде қайталама тұрғын үй бағасы 26,8% - ға, жаңа тұрғын үйді сату бағасы 19,5% - ға, жалдау ақысы 21% - ға қымбаттаған.

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329