Қазақстандықтар бұл компанияның акциясын сатып алып, тоқсан сайын пайда таба алады. Осылай деп индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Ол пәтерді жалға беру нарығы жеке секторда екенін, ешкім бақылау жүргізе алмайтынын айтты.
"Жеке кәсіппен айналыса алмайтын мемлекеттік қызметкерлер, дәрігерлер, мұғалімдер, зейнеткерлер жылжымайтын мүлік қорының акциясын сатып алып, содан пайда тапқанын қалаймыз. Бұл көптеген тұрғындарға қосымша табыс көзі болушы еді", - деді министр.
Бағаның өсуіне байланысты Қазақстанның ірі қалаларында пәтерлерді жалға беру құны бірден қымбаттап кетті. Оның үстіне мобилизациядан қашқан ресейліктердің ағылуы да пәтер бағасын бірнеше есеге көтеріп жіберді.
Abai.kz