Жұма, 22 Қараша 2024
2003 4 пікір 5 Қазан, 2022 сағат 14:52

«Ресей Қазақстанның позициясына құрмет көрсетуі керек!»

Мәжіліс депутаты, «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев Ресей Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесі мен іс-әрекетіне қатысты пікір білдірді.

«Ресей Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарованың Қазақстанға және біздің Елшімізге қатысты пікірі орынсыз. Бұндай мәлімдемелер екі ел арасындағы өзара әріптестік қағидаларына қайшы.

Қазақстан Ресейлік өкілдердің, Ресей мемлекетінің позицияларына құрметпен қарайды. Дәл сондай құрмет бізге де көрсетілуі керек. Ресей Қазақстанның позицияларына, Қазақстанның Елшісіне құрметпен қарауы тиіс! Біздің Ресейдеші Елшіміз Қазақстанның ресми өкілі.

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстандағы Ресей Елшісіне де дәл сондай ескерту жасаған. Соғыс жүріп жатыр. Сондықтан, сөздің екпінін біз түсінеміз. Ресейлік және Украиналық саясаткерлердің сөздеріндегі эмоцияларды түсінуге болады. Бірақ, Қазақстан ешкіммен соғысып жатқан жоқ. Сондықтан, бізге, біздің Елшімізге құрмет болуын талап етеміз!», - деді Перуашев мырза.

Осыған дейін Украинаның Қазақстандағы Елшісі Петр Врублевский орыстарға қатысты бейсаяси сөздер айтқан еді. Кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы «Елшіні елден шығару» туралы бастама көтерген. Онан соң ҚР Сыртқы істер министрлігі Елші Петр Врублевскийге ескерту жасаған. Артынша Елші Врублевский өз сөздері үшін кешірім сұраған.

4 қазан күні Ресей Сыртқы істер министрлігі Қазақстанның Ресейдеші Төтенше және Өкілетті Елшісі Ермек Көшербаевты шақыртып, ескерту жасағаны мәлім болды. Бұған қатысты ҚР Сыртқы істер министрлігі жауап ретінде, Қазақстандағы Ресей Елшісін шақыртып, ескерту жасайтыны айтты.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5329