Путин: "Запорожье АЭС-і енді Ресей меншігі"
Ресей президенті Владимир Путин 5 қазанда Запорожье АЭС-індегі атом электр энергиясын қолданатын нысандарды Ресей меншігіне өткізу жөніндегі жарлыққа қол қойды.
Бұл Атом электр станция - Еуропадағы ең ірі алты энергоблоктардың бірі. Ол Ресей басып алған Украинаның Запорожье облысы аумағында орналасқан.
Ресей президенті Владимир Путин сонымен бірге орыс күштерінің Украинада жаулап алған Донецк, Запорожье, Луганск облыстарын және Николаев пен Херсон облыстарының бір бөлігін Ресей құрамына қосу туралы келісімге қол қойды. Мұнымен қоса Ресей құрамына төрт жаңа субъектіні қабылдау туралы конституциялық заңдарға қол қойды.
Осыған дейін федерация кеңесі Украинаның бес аймағын Ресей құрамына қосуды ратификациялаған. Украина аумағын аннексиялауды барлық палата мүшелерінің басым бөлігі: 170 депутаттың 153-і қолдаған.
Ресей АЭС орналасқан Энергодар қаласын биыл наурыз айында бақылауына алған. Қазір АЭС-тің энергоблоктарының басым бөлігі тоқтап тұр. Бұл аумаққа қазір жиі оқ атқыланады. Украина мен Батыс елдері станциядан әскерді шығаруды талап етеді. МАГАТЭ да осы талапты бірнеше рет қойған. Бірақ Ресей бас тартып отыр.
Бірнеше күн бұрын орыс әскері Запорожье АЭС-інің бас директоры Игорь Мурашовты ұстап алып кеткен. Кейін оны босатты, бірақ Ресей бақылауына алған аумақтан тезарада шығуды талап етті.
Abai.kz