Жұма, 4 Қыркүйек 2026
2879 1 пікір 6 Қазан, 2022 сағат 13:47

Forbes: Екі аптада Ресейден 700 мың адам кеткен

Ресей президенті Владимир Путин ішінара мобилизация жариялағаннан кейінгі екі аптада федерация аумағынан шамамен 700 мың адам кетті. Бұл туралы Forbes журналы Ресей президенті әкімшілігіндегі дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлады.

Басылым мәліметінше, Кремльдегі ақпараттан хабардар бір дереккөз мобилизация басталғалы бері елден 1 млн адам кетті деп хабарлаған. Алайда президент әкімшілігіндегі тағы бір дереккөз Forbes журналына 600-700 мыңға жуық ресейлік кеткенін айтқан. Дегенмен дереккөз олардың қаншауы туристік саяхатқа шыққанын анықтау қиын екенін мойындаған.

Бұның алдында Қазақстанның ішкі істер министрі 21 қыркүйектен бері елге 200 мыңнан астам ресейлік кіргенін, олардың 147 мыңы Қазақстаннан шығып кеткенін мәлімдеген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 801
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2127
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 538
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 514