Жұма, 22 Қараша 2024
Саңлақ 3370 0 пікір 7 Қазан, 2022 сағат 11:59

Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынова әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болды

Дзюдодан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Елдос Сметов пен Әбиба Абужақынова қола жүлдеге ие болды.

Әбиба Абужақынова 48 келі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде чилилік Мари Ди Варгас Леймен татамиге шықты. Белдесу өте тартысты өтіп, қосымша уақытта чилилік дзюдошы үшінші ескерту алып, жеңіс Әбибаға берілді.

Алғашқы белдесулерін сәтті өткізген Әбиба жартылай финалда жапониялық Нацуми Цунадеге есе жіберген.  Осылайша, Абужақынова қазақ қыздары арасынан алғаш рет әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Бұған дейін Қазақстан атынан күрескен Отгонцэцэг Галбадрах дүниежүзілік додада жүлдеге қол жеткізген еді.

Елдос Сметов ерлер арасында 60 келі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Дильшодбек Баратовпен татамиге шықты. Тартысты белдесуде қосымша уақытта әдіс қолданып, вазари ұпайын алған қазақ спортшысы жеңіске жетті.

Осылайша, жарыстың алғашқы күні Елдос Сметов Қазақстан қоржынына екінші медальді салды. Айта кетейік, Сметов 2016 жылы Рио олимпиадасында күміс медаль, Токио-2020 олимпиадасында қола жүлде алған. 2015 жылы әлем чемпионы атанған, 2019 жылғы әлем біріншілігінде қола медаль иеленген. Әбиба Абужақынова биыл Астанада өткен Азия чемпионатында 48 келіде күміс жүлде иеленген еді.

Ташкенттегі әлем чемпионаты 13 қазанда аяқталады. Бұл жарысқа Қазақстаннан 17 дзюдошы (9 ер, 7 әйел) қатысып жатыр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5236