Сенбі, 23 Қараша 2024
1665 0 пікір 7 Қазан, 2022 сағат 12:54

Әзірбайжан мен Армения жыл соңына дейін бейбіт келісімге келмек

Әзірбайжан мен Армения 2022 жылдың соңына дейін бейбіт келісімге келуі мүмкін. Бұл туралы Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев айтты.

"Егер армян тарапы ықтиярлы болса, биылғы жылдың аяғына дейін бейбіт келісімге қол қойылуы мүмкін. Уақыт өтіп жатыр. СІМ басшыларының алғашқы кездесуі сәтті болмаса да, оң қадам болды деп санаймын. Менің ойымша, егер жақын арада шешім қабылданса, егер екі тарап жұмыс топтары шеңберінде Бейбітшілік шарты бойынша жұмыс істей бастаса, онда жыл соңына дейін біз уағдаластыққа келе аламыз", - деді Әлиев.

Ол Арменияның да, Еуропалық Одақтың да Әзірбайжан ұсынған Бейбітшілік келісімінің бес негізгі қағидаты бойынша сұрақтары жоқ екенін айтады.

"Бұл бұрыннан бар нәрсе. Біз ештеңе ойлап тауып жатқан жоқпыз. Бұл қарым – қатынасты қалыпқа келтіргісі келетін елдердің принциптеріне сай", - деп қосты Әзірбайжан президенті.

Қыркүйек айында Армения мен Әзірбайжан арасындағы қақтығыстан 200-ден астам адам қаза тапты. Ереван 135 әскерінің қаза тапқанын мойындады, Бакуде 77 Әзірбайжан әскері қайтыс болды. Бұл екі ел арасындағы соңғы екі жылдағы ең ауыр шиеленісті оқиғаның бірі болды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371