Ақпаратқа қарағанда, ҰҚШҰ бітімгерлік күштерінің "Нерушимое братство-2022" жаттығуы Қырғызстан аумағында биыл қазанда өтуі тиіс болған.
14-17 қыркүйекте Қырғызстан және Тәжікстан арасында ірі қақтығыс болған. Нәтижесінде 63 қырғыз азаматы қаза болып, 200 адам жараланған. Тәжікстанмен шекаралас аудандарда тұратын 140 мыңнан астам тұрғын үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған. 18 қыркүйекте Қырғызстан сыртқы істер министрлігі Тәжікстан тарабын басқыншылық жасады деп айыптады. Тәжікстан да қырғыз жағын кінәлады.
Тәжікстан сыртқы істер министрлігі шекарадағы қақтығыстан 41 адамның опат болғанын мәлімдеді. Құпия дереккөзге сүйенген Азаттықтың Тәжік қызметі 74 тәжік азаматының қаза болғанын хабарлады.
Бұдан соң Қырғызстан билігі ҰҚШҰ-ны Тәжікстанмен шекарадағы жағдайды реттеу үшін белсене атсалысуға үндеген.
Қырғызстан сонымен бірге ҰҚШҰ-ны қарулы басқыншылыққа жол бермес үшін ұйымның жарғылық құжаттарын өзгертуге және мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге шақырған.
ҰҚШҰ-ға Армения, Беларусть, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан мүше.
Abai.kz