Жұма, 22 Қараша 2024
2674 0 пікір 30 Қыркүйек, 2022 сағат 17:51

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?»: Не істелді?

Кәсіподақ федерациясы бастаған «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» республикалық акциясы үшінші жыл қатарынан жалғасын тауып келеді. Бүгін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев «Кировская» шахтасының «Altyn Komir Service» ЖШС бастауыш кәсіподақ ұйымының мүшелерімен кездесу өткізді.

Бұл шахта Қарағанды көмір бассейнінің ең көне шахталарының бірі. Қазіргі уақытта шахтада 8 учаске тұрақты жұмыс істейді, оның ішінде 1 өндіру, 1 ұңғыма және 6 қосалқы учаске, К-10, К-12 қабаттарында көмір өндіру жүргізілуде. Кәсіпорынның ай сайынғы өндіру қабілеті 25-30 тонна көмірге дейін өсті. «Кировская» шахтасының кәсіподақ көшбасшысы Виталий Шуйцев кәсіпорындағы жаңалықтармен бөлісті. Оның айтуынша, биылғы жылдың 26 мамырында «Altyn Komir Service» ЖШС кәсіпорнында жаңа Ұжымдық шарт қабылданған. Соның нәтижесінде кәсіподақпен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерге санитарлық-курорттық емделуге кеткен шығындардың 50% төлейді; жеке секторда тұратындарға тұрғылықты жері бойынша тегін жеткізілім бар; жеңілдікті бағамен көмір беріледі; кеншілерді еңбек ауысымына және үйге 7 маршрут бойынша жеткізу бойынша автобустардың үздіксіз жұмысы ұйымдастырылған. Бүгінде кәсіпорынның экономикалық жағдайы көңілден шығады, жұмысшылардың жалақысы екі есе өсіп, 450-500 мың теңгеге жеткен. Дегенмен мұндағы кешілердің орташа жасы 58-59 жасты құрайды екен. Жиын барысында кәсіподақ ұйымының мүшелері өзекті мәселенің бірі ретінде зейнет жасының төмендеуі тақырыбын қозғады. Себебі, жасы үлкейген азаматтар денсаулыққа қаупі жоғары , ауыр жұмыс жасағандықтан жазатайым оқиғаларға ұрынып қалып жатады. 2022 жылдың өткен кезеңінде «Altyn Komir Service» ЖШС-де 3 жазатайым оқиға болған. Екінші мәселе, кадр жетіспеушілігі. «Бұл кеншілердің қоғамдағы беделінің төмендеуіне байланысты»,- деп есептейді жиынға қатысушы Михаил Никифоров. «Сондықтан еңбек адамының мәселелерін шешу қолға  алынуы керек»-деді ол.

Кәсіпорында 6 қоғамдық техникалық еңбек инспекторы жұмыс істейді, сондай-ақ ұжымдық шартқа сәйкес еңбекті қорғау жөніндегі қоғамдық техникалық инспекторларға қосымша төлемдер төленеді.

Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев көптеген жылдар бойы тазарту кенжарының тау-кен жұмысшысы, № 4 өндіру учаскесінің кешенді бригадасының бригадирі болып жұмыс істеген «Кировская» шахтасының кенші-әріптестерімен кездесуді қорытындылай келе, олардың ауыр, көп бағалана бермейтін еңбегі үшін алғыс айтты. Ол кеншілер ұжымының мүшелерін Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының жыл сайынғы қызметкерлердің жалақысын индекстеу, еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру, олардың сұрақтарын шешу бойынша заңнамалық бастамалар енгізу туралы мәселелерін ілгерілету жөніндегі атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті.

Еңбек ұжымдарының мәселелерін шешуге нақты жәрдемдесу мақсатында Мұхтар Тінікеев шахталар мен өндірістік кәсіпорындардың кәсіподақ комитеттерін кәсіподақ көшбасшылары – кеншілер мен металлургтерді сайланбалы билік органдарына белсенді түрде ұсынуға шақырды.

Кеншілер үшін зейнеткерлік жасты төмендету мәселесіне қатысты Мұхтар Тінікеев Федерацияның күн тәртібінен мәселе шешілмегенін, оны практикалық шешу бойынша іс Жұмыс тобы шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын тарта отырып жалғасып жатқанын атап өтті.

«Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы Кәсіподақ федерациясының  бастамасымен үшінші жыл өткізілуде. Осы уақыт ішінде кәсіподақтар федерациясы басшылығының еліміздің еңбек ұжымдарымен 900-ден астам кездесуі өтті. Covid-19 пандемиясының қиын кезеңінде онлайн-сапарлар түрінде басталған акция кәсіподақ мүшелерімен жұмыс орындарында тікелей кері байланыс алаңына айналды.

Бұған дейін, «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында тоғыз бастауыш ұйыммен жиын өткізді. Петропавл облыстық тарихи-өлкетану мұражайына Сатыбалды Дәулеталинмен кездесуге облыстың барлық аудандарынан мәдениет қайраткерлері, кәсіподақтар мүшелері жиналды. Мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлерінің республикалық салалық кәсіподағының төрағасы Светлана Иманқұлова және оның мәдени қоғамдастық өкілдері Кәсіподақтар федерациясы төрағасына саладағы өзекті мәселеге айналып отырған мәдени мекемелердің, спорт ұйымдарының көмекші қызметкерлері жалақысының төмендігі және ауылдық жерлерде жұмысшыларға өтемақы төлемдерінің берілмейтінін айтты.

Бұл мәселелерді ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақаловтың қатысуымен әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік үшжақты комиссияның отырысы кезінде айтқан болатын. Өңір басшысы жақын арада өтемақы төлемдерімен проблеманы шешуге жәрдемдесуге уәде берді.

"Мәдениет – халқымыздың рухани дамуының негізі. Тек жоғары мәдениетті қоғам ғана мемлекетті дамытып, мықты экономика құра алады. Кәсіподақтар федерациясының өтініштері назардан тыс қалмады. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мәдениет және спорт қызметкерлерінің жалақысы жыл сайын артып келеді. 2020 жылғы қаңтарда республикалық мәдениет, мұрағат ұйымдарында жалақы 50% – ға және жергілікті деңгейде осы ұйымдардың жалақысы 35% - ға көтерілді. Бұл мәселе Кәсіподақтар федерациясының бақылауында болады", – деп атап өтті Сатыбалды Дәулеталин.

Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында ҚРКФ төрағасы Денсаулық сақтау жүйесінің, тұрғын үй-коммуналдық саланың, теміржол көлігі, ауыл шаруашылығы, білім беру және құрылыс саласы кәсіпорындарының бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағаларымен дөңгелек үстелде кездесті.

Жиында «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясының қалай өтіп жатқаны туралы талқыланды.

"Біздің өз ұсыныстарымызды айтуға, өз мәселелерімізбен бөлісуге мүмкіндігіміз бар. Бірақ, ең бастысы, бұл кездесулер үнемі нәтиже береді. Федерация тарапынан көмек көрсетудің арқасында дәрігерлердің көптеген өзекті мәселелері, әсіресе пандемия кезінде, шешілді", - деп атап өтті көпсалалы облыстық аурухананың кәсіподақ комитетінің төрағасы Дарья Петрищева.

Сатыбалды Дәулеталин бастауыш кәсіподақ ұйымының 248 мүшесі жұмыс істейтін "Негіз" ЖШС құрылыс компаниясы жұмысшыларының еңбек жағдайларына қызығушылық танытты. Кәсіпорын директоры Сергей Тимофеев алғаш жұмыс берушілер бірлестігінен Әлеуметтік әріптестік жөніндегі өңірлік келісімге қол қоюшылардың бірі болып табылады. Сондықтан жұмыс беруші мен кәсіподақ ұйымы арасындағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын дамытуға "Негізде" ерекше назар аударылады.

"Сіздің кәсіпорын өңірде алғашқылардың бірі болып "Еңбек консультациялары" атты кәсіподақ акциясын енгізді. Жұмыс беруші барлық өзекті мәселелерді кәсіподақ комитетімен келісіп, талқылайтыны мақтауға тұрарлық. "Еңбек консультацияларының" арқасында еліміздің ондаған кәсіпорындары әлеуметтік шиеленісті жеңілдетті", – деп атап өтті ҚРКФ төрағасы құрылысшылардың еңбек ұжымымен кездесуде.

Осы айдың ішіндегі тағы бір маңызды жиын – "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. " компаниясында өтті.  Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Нұрлан Өтешев компаниясы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының ұжымымен кездесті.

"Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. " компаниясы қызметкерлерінің жергілікті кәсіподақ ұйымының төрағасы Марс Хайруллиннің айтуынша, 2021 жылдың соңында "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. " компаниясында 2022-2024 жылдарға арналған жаңа Ұжымдық шартқа қол қойылды.

"Компаниядағы  мүгедектігі бар қызметкерлерге ай сайын 30 000 теңге мөлшерінде жаңа төлем белгіленді. Компания қызметкерлеріне бала тууға берілетін жәрдемақы мөлшері – 250 000 теңгеден 400 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Оқу жылының басында мектеп жасындағы 3 және одан да көп балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға төленетін төлем мөлшері – әр балаға 30 000 теңгеден 40 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған қызметкерлеріміздің отбасыларына жыл сайын 200 000 теңге мөлшерінде көмек белгіленді. Бұдан басқа, оқуға арналған грант-бағдарламалар, еңбек қатынастарын ерікті түрде бұзу бағдарламасы жұмыс істейтін болады, белгілі бір жағдайларда міндеттерді қоса атқарғаны үшін төлем 5%-дан 10% - ға дейін екі есе ұлғайтылатын болады. Сондай-ақ компаниядағы ең төменгі жалақы мөлшері – 170 000 теңгеден 250 000 теңгеге дейін ұлғайтылды, енді компанияның әрбір жаңа қызметкері лайықты жалақыға еңбек ете бастайды. Пайызсыз аванстың мөлшері 2,5 есеге – 5 000 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. 8 наурызға қарай әйелдерге және 7 мамырға қарай ерлерге 30 000 теңге мөлшерінде мерекелік төлемдер белгіленді. Ауғанстан жауынгерлеріне, Тәжік-ауған шекарасындағы қимылдарға қатысушыларға ай сайынғы төлемдердің мөлшері 25 000 теңгеден 30 000 теңгеге дейін ұлғайтылды. Қызметкердің отбасы мүшесі қайтыс болған жағдайда көмек мөлшері – 180 000 теңгеден 300 000 теңгеге дейін ұлғайтылды", – деп атап өтті Марс Хайруллин.

Ол Батыс Қазақстан облысы Атырау және Маңғыстау облыстарынан кейін мұнай өндіру көлемі бойынша республиканың үшінші мұнай өндіруші өңірі болып табылатынын, оның үлесіне ҚР бойынша жалпы мұнай өндірудің 16%-ы тиесілі екенін атап өтті. Мұнай өндірудің негізгі көлемін "Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг б.в." компаниясы қамтамасыз етеді. КПО компаниясындағы қызметкерлер саны 4 076 адамды құрайды, оның ішінде қазақстандық қызметкерлердің үлесі – 95% (3 878 адам).

Бүгінгі таңда компанияның барлық қызметкерлері кәсіподаққа жататынына қарамастан, қолданыстағы ұжымдық шартқа сәйкес оларға берілетін әлеуметтік жеңілдіктерді пайдалана алады.

Сондай-ақ кәсіподақтар жұмыс берушіге тұтыну тауарлары бағасының өсуіне, инфляцияға байланысты қызметкерлердің жалақысын 10% - ға көтеру туралы сұрау салуды ұсынды.

Кездесуді қорытындылай келе, Нұрлан Өтешев қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек кепілдіктерін жақсарту шаралары үшін компанияның профактивіне алғысын білдірді. Ол мемлекеттің экономикалық дамуындағы "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. " компаниясының ерекше рөлін атап өтті.

Кәсіподақ федерациясы өкілдері «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясын бастағалы бері көптеген кәсіпорындар, денсаулық сақтау, білім беру, мәдени ұйымдарға сапарлап барды. 2021 жыл "Бастауыш кәсіподақтар ұйымы жылы"деп жарияланған болатын. Осыған байланысты бастауыш кәсіподақ ұйымдарына қолдау көрсету және еңбек ұжымдарымен кері байланыс орнату үшін Кәсіподақтар федерациясы «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясын ұйымдастырды. Осы акция аясында кәсіподақ мүшелеріне проблемалық мәселелерді талқылауға және шешу жолдарын табуға үлкен мүмкіндік туды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1448
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3208
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5209