Биыл 100 мыңнан аса зорлық-зомбылық тіркелді
Биыл Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам хабарлама полицияға келіп түскен. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі хабарлады.
"Белгіленген шектеулерді бұзғаны үшін 7,5 мың "отбасы тираны" әкімшілік жауапқа тартылған. Биыл полиция өмірлік қиын жағдайға тап болған 7,5 мыңнан астам әйелді кризис орталықтарына жіберген. Олардың 2 мыңнан астамы баспанаға орналасты", - делінген хабарламада.
Министр Марат Ахметжановтың сөзінше, хабарламаның басым бөлігі Шымкент, Астана, Алматыға және Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарынан түскен. Полиция олардың 60%-ы бойынша шара қолдана алмаған, себебі жәбірленушілер оқиға орнында арыз жазудан бас тартқан. Министрдің айтуынша, соның салдарынан жазадан бас тарту озбырлыққа апарады.
Қазіргі күні тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күресті күшейту бойынша мынадай шаралар әзірленіп жатыр:
Тұрмыстық зорлық деректерін тіркеу бойынша "өтініш беру сипатынан анықтау сипатына" көшу. Бұл полицияға жәбірленушінің өтініші болмаса да, әкімшілік іс-жүргізуді бастауға мүмкіндік береді.
Тараптардың татуласуына талапты күшейту. "Дебошир" бірінші рет сотта ғана татуласа алады, ал қайталанса мұндай құқық алынып тасталады.
Отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтар бойынша жазаны қатаңдату. Қайталанған құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік қамауға алудың мерзімін ұзарту ұсынылады.
"Ескертуді" "қоғамдық жұмыстарға" ауыстыру ұсынылады.
Ең жиі жасалатын қылмыстар бойынша "отбасылық-тұрмыстық қатынастағы адамға қатысты" деген қосымша саралау белгісін енгізу.
Abai.kz