Сенбі, 23 Қараша 2024
1722 0 пікір 18 Қазан, 2022 сағат 12:56

Еуроодақ Украина үшін жаңа әскери миссия құрды

Еуроодақ кеңесі Украинаға әскери көмек беру миссиясын (EUMAM Ukraine) құру туралы шешім қабылдады.

Бұл миссия Украина қарулы күштері мен Аумақтық қорғаныс күштерін дайындауға көмектеседі.

"Миссия мақсаты - Украина қарулы кұштерінің әскери дайындығын жетілдіру", - деп жазылған Еуроодақ кеңесінің мәлімдемесінде.

Миссияның шұғыл штабы Брюссель қаласында ашылады. Оған вице-адмирал Эрве Блежан қолбасшылық етеді. Миссия жұмысына Еуроодаққа мүше елдер, сонымен бірге басқа да халықаралық әріптестер қатысады. Атап айтқанда, миссия Ұлыбритания, АҚШ және Канадада украин жауынгерлерін дайындаумен айналысатын басқа да орталықтардың жұмысын үйлестіреді.

Миссия жұмысы әзірге екі жылға арналған. Ұйым бюджеті - 106,7 млн еуро.

Бұған қоса, ЕО Украинаға қару-жарақ сатып алуға 500 млн еуро бөлу туралы шешім қабылдады. Осылайша Еуроодақтың Украинаға көмегі 3,1 млрд еуроға жетті.

Бұның алдында АҚШ президенті Джо Байден Құрама Штаттардың қорғаныс бюджетіндегі 725 миллион долларды Украина қорғанысы мен қауіпсіздігіне көмек ретінде берген. 2022 жыл басынан бері АҚШ Украинаға 50 миллиард доллар көмек бөлсе, соның шамамен 27 миллиарды әскерге аударылды.

Алдында ғана Британия NASAMS жүйесіне арналған әуе қорғанысы зымырандарын Украинаға беретінін мәлімдеген. Франция болса Әуе шабуылынан қорғаныс жүйесін жеткізетінін хабарлаған. Канада шамамен 35 млн доллар әскери көмек беретінін мәлімдеген.

Сонымен бірге, 13 қазанда Еуропа Одағының Парламенттік ассамблеясы Ресей Федерациясын террористік жүйе деп танитын қарар қабылдап, Украинаға өз аумағын қорғауға қажетті қару-жарақ жеткізуді тоқтатпауға үндеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435