Сенбі, 23 Қараша 2024
2162 4 пікір 18 Қазан, 2022 сағат 12:59

Жапаров Путиннен көмек сұрады

Қырғызстан қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов "Бірінші радиоға" берген сұхбатында Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей президенттерінің үшжақты кездесуінде қандай мәселе талқыланғанын айтты.

Хатшының мәлімдеуінше, Садыр Жапаров Ресей президенті Владимир Путиннен қырғыз-тәжік шекарасы мәселесін шешуге көмектесуін сұраған.

"Астанада президенттер арасында ашық әңгіме болды. Шекараны демаркациялау және делимитациялау мәселесі кезінде шешілмегендіктер шекарада қиындықтар туындады. Ресей жағы екі жақтың материалдарын қарауға, түпкілікті бағасын кейінірек шығаруға уәде берді. Бұл мәселе шешіледі деп ойлаймын, өйткені Мәскеу мұрағат құжаттары мен карталар табуы мүмкін", - дейді Иманқұлов.

Еске салайық, Астанада 13 қазанда Садыр Жапаров, Эмомали Рахмон және Владимир Путин үшжақты кездесу өткізді.

14-17 қыркүйек аралығында Қырғызстан мен Тәжікстан арасында қарулы қақтығыс болып, екі жақтан жүзден астам адам мерт болды.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437