Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5810 0 пікір 29 Қаңтар, 2013 сағат 08:14

Шәріпқан Қайсар. Екінші қазақ ядрогері қамалды

1949 жылдан бері дүниені екі қосынға бөліп, КСРО-ның басты қолшоқпарына айналған Семей полигонының штабы болған қалашық құпия түрде «Семей-21» аталғанмен ресми Курчатов болатын. Әлемді үрейде ұстауға қазақтың 18 млн гектар жері бөлінген еді.

Кәзіргі Курчатов қаласында «Ядролық технологиялар паркі» құрылды. Жерімізге ондаған жыл уытын сепкен аталған апатты керісінше, адамзатқа пайдалы да жасампаз мақсатқа пайдалану қолға алынғалы 18 жылға жуықтады.

Қазақ ғалымдарының да қолынан ядролық технологияны игеру келетінін дәлелдеуді қолға алған «Ядролық технологиялар паркі» АҚ президенті Абзал Тұрсынбайұлы Құсайыновтың мемлекет қаржысын қымқырды деген айыппен қамауға түскені белгілі болып отыр. Ғалым азаматтың басына бұған дейінгі бірінші қазақ ядрогері Мұқтар Жәкішевтің тағдыры қайталанғалы тұрғанын айтып, жуық арада Абзал Құсайыновты қорғау комитеті құрылатынын, солардың Жария-мәслиқат құратынын Автомобиль көлігі қызметкерлері Кәсіподақ комитетінің төрағасы, белгілі құқық қорғаушы Сағымбаев Талас Жұмабайұлы жеткізді.

Аталған ғылыми орталықтың жұмысымен, оның басшысы Абзал Құсайыновтың бұдан екі жыл бұрын берген сұқбаты арқылы танысуға болады:   http://thenews.kz/2011/11/17/971265.html

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036