Олжас Сулейменов бірнеше ядролық оқтұмсықтарды сақтап оларды БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне «полициялық шоқпар» ретінде беруді ұсынады
Алматы. 18 мамыр. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. «Невада-Семей» антиядролық қозғалыс лидері Олжас Сулейменов бірнеше ядролық оқтұмсықтарды сақтап қалып, оларды БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне «қорқытатын полициялық шоқпар» ретінде тапсыруды ұсынады.
«Біздер ядролық қарудың ұлттық қорғаныс мәртебесі болуына қарсымыз. Біз американдық, француздық, не орыстық, қытайлық не ағылшындық ядролық қару болғанына қарсымыз. Біз ядролық арсеналды қысқартып жоюды қолдаймыз. Және бірнеше ядролық оқтұмсықтарды сақтап, оларды БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне полициялық шоқпар ретінде, осындай аса қорқынышты қаруды жасағысы келген елдерге қауіп төндіру үшін тапсыруды ұсынамыз. Міне сонда жер бетінде нағыз қауіпсіз бейбітшілік басталады», - деп айтты ол «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдық мерейтойына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде.
Антиядролық қозғалыс лидерінің ұсынысын «Патриоттар партиясының» төрағасы Ғани Қасымов та қолдады.
Оның айтуынша, әлемде ядролық жарылыстар тоқтатылғанымен, ядролық қарудың таратылу ахуалы бұрынғысынша күрделі болып қалып отыр.
«Ядролық жарылыстың нақты қауіпі қысқарғанына қарамай, ол саяси тұрғыда өте қауіпті болып қалып отыр. Әлі ядролық қару алғысы келетін елдер бар, не ядролық қару арсеналын көбейтіп отырған елдер бар», - деді ол , Қазақстан ядролық сынақтан бас тартқан бірінші ел екенін атай отырып.