1917 жылғы қазақ саны...
1917 жылы учредителный собрание (құрылтай жиналысы) сайлауына байланысты халық есебінің көрсеткіші.
Дала һәм Түркістанғы жалпы халық саны мен қазақтар саны жеке-жеке берілген. Сонымен қатар қай облыста неше пайыз қазақ екені де жазылған.
Мысалы:
Ақмолада 36,6% қазақ болса, Бөкейде 100% қазақ деп көрсетілген.
Кестемен тұр, қаз-қатар:
Семей - 845 756 / 73%,
Ақмола - 582 306 / 36.6%,
Торғай - 573 655 / 58.7%,
Орал, Маңғшлақ - 656 579 / 56.9%,
Жетісу - 857 982 / 65.6%,
Сырдария - 1 272 290 / 62.3%,
Әмудария - 238 913,
Ферғана - 418 328 / 19.1%,
Самарқанд - 116 841 / 10.2%,
Бөкей - 307 284 / 100%.
Жалпы қазақ саны 5 869 934 деген санды құрайды.
Ахмет Байтұрсынұлы атамыздың айтатын: "Әлхамдүлилла 6 миллион қазақпыз" - дейтіні осы ғой енді...
1917.
Ескерту: Бұл санға Ресей аумағынан сырт мекендеген қазақтар кірмейді.
Абай Мырза
Abai.kz