Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 2852 9 пікір 1 Желтоқсан, 2022 сағат 14:55

Клебановтың қызметкері уақытша әкім болды

Бүгін Ақорда бірқатар облыс әкімдерін тағайындап жатыр. Осыған дейін өңір басқарып келген азаматтардың бірсыпырасы өз лауазымдарын сақтап қалса, кейбіреулері қызметтерінен айырылуда.

Бүгін Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов қызметінен алынды. Оның орнына облысты уақытша орынбасар әкім - Олег Круг басқарады. Ал бұл Олег Круг Қазақстанның ең бай 50 адамының бірі саналатын олигарх, Екібастұз ЖЭО-дағы апатқа жауапты деп аталған Александр Клебановтың қол астында жұмыс жасаған екен.

Олег Круг әр жылдары «Павлодарэнерго» АҚ-да директор және «Павлодар жылу желілері» АҚ-да президент қызметтерін атқарған. Ал бұл екі компанияны да олигарх Клебанов иелік ететін «ЦАТЭК» АҚ басқарып келген.

Олег Круг Павлодар облысы әкімі орынбасары қызметін атқарған жылдары өңірдегі жылыту маусымына даярлық жұмыстарына жауапты болған. Яғни, Екібастұз ЖЭО-ның қыстық жылыту маусымына даярлығын дәл осы Олег Круг қадағалап отырған.

Айта кетейік, олигарх Клебановқа Екібастұз, Павлодар, Петропавл мен Астана ЖЭО-лары тиесілі.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қараша күні Павлодар облысындағы Екібастұзда апат болып, қала халқы 30 градустық аязда жылусыз қалған еді. Клебановқа тиесілі ЖЭО-ларда биыл екі бірдей апат болған. 28 қарашада президент Тоқаев Екібастұздағы апатқа байланысты қалада төтенше жағдай жариялаған және жекеменшіктегі ЖЭО-ларды мемлекет меншігіне қайтару мәселесін көтерген еді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1455
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270