Сенбі, 23 Қараша 2024
1804 4 пікір 8 Желтоқсан, 2022 сағат 14:01

Қазақстандық танкерлердің мәселесі шешілетін болды

«ҚазМұнайГаздың» компаниясының басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев мұнай тиеген танкерлердің Түркия жағалауында кешігуі Қазақстан экономикасына қалай әсер ететінін түсіндірді.

«Бүкіл сақтандыру процедуралары өткізілген болатын. Аталған 6 танкердегі мұнайдың Қазақстанннан шыққаны туралы сертификаттарды Түркия тарапына берілді. Қазір диалог жалғасып жатыр. Мен кеше кешке біздің Сыртқы істер министрімен де, Анкарадағы Елшімен де сөйлестім. Біздің дипломаттар бізге тиісті, қажетті көмек көрсетіп жатыр. Мәселе 1-2 күнде шешіледі деген үмітіміз бар. Сақтандыру туралы айтсақ, оның басым бөлігі британиялық, еуропалық компаниялар. Сақтандыру процедуралаы тиянақты тындырылған», - деді «ҚазМұнайГаз» басшысы.

Оның айтуынша, мәселе жуықта шешімін тапса, бұл жағдай Қазақстан мұнайының бағасына кері әсер етпеуі керек.

«Бұл біздің экономикамызға ешқандай шығын әкелмейтінін айттым. Өйткені жыл сайын желтоқсан айында Босфордан танкерлердің өту уақыты 14 күнге дейін барады. Экономикаға шығын біз мұнай өндіру көлемін қысқартып жатсақ келер еді. Яғни, бұған дейін қанша қарқынмен мұнай шайқасақ, қазір де сол көлемде шайқап жатырмыз. Тек танкерлерге тиеліп, Босфор арқылы ақырындап жылжып жатыр», - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Сондай-ақ ол Қазақстан мұхитқа Босфор арқылы ғана емес, Қара теңіз арқылы да шыға алатынын еске салды.

«Румыния және Болгария бағыттары бар. Қазір жағдай шетін деуге келмейді. Бірақ қазір біз оны шешумен қызу айналысып жатырмыз.

Бұл мәселе жуық арада шешіледі деп ойлаймыз. Сондықтан біздің бағалауымызға мұнай бағасында көрініс таппауы керек. Қазіргі тәуекел шектен тыс бір межеден асып кеткен жоқ», - деді «ҚазМұнайГаз» басшысы.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395