Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2656 7 пікір 8 Желтоқсан, 2022 сағат 14:32

Орыстың басына бұлт үйіріліп келеді

НАТО Ресейдің әзірейіліне айналды. Жаны шығып бара жатқан Ресей қатты тұяқ серпіп қалмау үшін Украина арқылы оны «тұншықтырып» өлтірмекші. Украина даласында қалған 92740 мәйіттің (соғыс біткенше олардың саны 200000-ға жетеді дейді) артында балаларын жоқтаған аналар, байы өлген жесірлер, әкесінен айырылған жетімдер қалды. Ормандай орыс «могилизациядан» қашып, әлемге шілдің боғындай шашырап кетті.

Біздің елімізді де пана тұтып жатқандары қаншама. Қазақстаннан басқа елдерге барған орыстар сол елдің тілін үйренуге кірісіпті. Ол жақта «русский мир» жоқ. НАТО-ның қаруынан қорқып, Мексика арқылы АҚШ-қа барып жатқан орыстардың саны да аз емес екен. Олар енді жақын арада қайтып оралмайды: «Прощай, немытая Россия, страна рабов, страна господ...». Күнкөрісін ойлап, орыспын деп айтуға намыстанған бұл тобыр аяғы ілінген елге бірте-бірте сіңіп жоқ болады.

Жақында Қазақстан-Британ техникалық университетінің 2-курсында оқитын немерем Нидерланды, Англия, Франция, Испания, Түркия елдерінде тәжірибеден өтіп келді. Тәжірибеден өтуге барған 28 студенттің арасында жалғыз орыс жігіті бар екен. Байғұс Еуропада «гадкий утенок» болды дейді немерем. Әр жерде оған еуропалықтар «орыссың ба?», «Ресейденсің бе?» деп сұрақ қойып, біртүрлі қарайтын көрінеді. Осындай сұрақ қойғандардың бәріне ол ағылшынша «мен қазақпын», «Қазақстаннанмын» деп жауап қайтарып жүріпті. Орыстар енді орыспын деп айтуға да намыстанатын болады...

 

Байбота Қошым-Ноғай

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394