Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4356 0 пікір 20 Мамыр, 2009 сағат 05:41

Қазақстандағы ядролық полигонның жабылуына «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы үлкен үлес қосты– Назарбаев

Алматы. 18 мамыр. ҚазТАГ - Дилярам Аркин. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдық мерейтойлық конференцияға қатысушыларға арнаған құттықтау сөзінде Қазақстандағы ядролық полигонның жабылуына «Невада-Семей» антиядролық халықтық бірлестік пен оның лидері Олжас Сүлейменовтың қосқан үлесі зор екенін атап өтті.
«Менің қаулыммен Семей ядролық сынақ полигоны біржола жабылды. Бұл дата – ғаламдық және әлемдік масштабта тұрақтылық пен келісімді достық пен жемісті түрде нығайтудың рәмізі іспеттес. Бұл шешім қазақстан жерінде сансыз қасырет пен шығынға әкелген жүздеген ядролық жарылыстарға тоқтау қойды. Әлемдегі төртінші ядролық арсеналды иеленіп отырып, одан ерікті түрде бас тартудың одан маңыздылығы кем емес. Семей ядролық полигонның жабылуына танымал қоғамдық қайраткер Олжас Сулейменов басшылығындағы  «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы үлкен үлес қосты», - деп президент атынан жазылған құттықтау хатты конференцияға қатысушыларға Алматы әкімі Ахметжан Есімов оқып берді.
Бұл ретте әкім О. Сүлейменовтың адамзат алдындағы еңбегін халықаралық қауымдастық мойындағанын және ол полигонды ЮНЕСКО шешімімен «Бейбітшілік ескерткіші» реестрі қатарына қосқаны айғақтайтынын атап өтті. 

«Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдық мерейтойына арналған конференцияның өту күні Олжас Сүлейменовтың туылған күнімен сәйкес келіп отыр. Ахметжан Есімов барлық алматылықтар атынан антиядролық қозғалыс лидеріне тәбәріктік естелік – алтын алма силады. 
«Біз «Невада-Семей» қозғалысын айтқанда, кеңестік дәуірдегі «Біздер партия дегенде - Ленинді мегзейміз» деген қанатты сөзі еріксіз еске түседі. Осы жағадайда да, біз «Невада-Семей» қозғалысы дегенде – Олжас Сүлейменовты мегзейміз», - деді А. Есімов.
Антиядролық қозғалыс лидері О. Сүлейменов болса, ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы шешім өте күрделі жағдайда қабылданғанын конференцияда еске алды. 
«1991 жылдың тамызы біздің есімізде. ГКЧП-дан кейінгі ахуал күрделі тұғын. Кенеттен осы кезде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қояды. Бұл, шын мәнінде, әлі КСРО тарамай тұрып Қазақстанның тәулсіздігін паш еткен құжат болды. Мен мұны, сол оқиғалардың қатысушысы ретінде, ол кезде де, қазір де Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке батылдығы деп бағалаймын. Біздер, оның қорықпай біздің қозғалысты қолдағанына ризамыз», - деді ол, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының 20 жылдық мерейтойына арналған конференцияда сөйлеген сөзінде. 
«Мен осы үшін оған, кейбір БАҚ-тарда әр түрлі пікір айтылғанына қарамай, алғысымды білдіремін. Осы хабарларды оқи отырып, мен әр кез осы фактыны еске аламын, және ол менің санамда кейбір газеттерде Н. Назарбаев туралы барлық теріс жазылғандардан асып кетеді», - деп қосты ол.  
Семей ядролық сынақ полигоны ядролық сынақ жасайтын әлемдегі ірі полигондардың бірі болған. Ең бірінші сынақ полигонда 1949 жылғы 29  тамызда жасалған болатын. Онда барлығы 468 ядролық сынақ жасалды. 1949 бен 1962 жылдар арасында онда 30 жер беті сынағы жасалды және 88 ядролық қондырғы ауада сыналды, олардың арасында бірінші термоядролық қондырғы (1953 жылы 12 тамызда) мен алғашқы сутегі бомбасы (1955 жылы 22 қарашада) бар, 6 қондырғы үлкен биіктікте, ғарышта сыналды. Жер бетіндегі сынақтан басқа полигонда 340-тан астам жерасты сынағы: тік ұңғылар мен көлбеу туннельдерде жасалды.   
1991 жылы 29 тамызда полигон ҚР президенті Н. Назарбаевтың жарлығымен жабылды.
Антиядролық қозғалыс тарихы 1989 жылы 25 ақпанда басталды. Осы күні КСРО Жоғарғы Кеңесіне депутаттыққа үміткер Олжас Сүлейменовтың сайлауалды сөзі жоспарланған болатын. 28 ақпанда Қазақстан жазушылар үйінің ғимаратына жүздеген адам жиналды. Осылайша жалпыхалықтық антиядролық «Невада-Семей» қозғалысы пайда болды.
Ол Семей ядролық полигонындағы сынаққа жаппай наразылық білдірді. 1989 жылы қозғалыс Семей полигонында жоспарланған 18 ядролық сынақтың 11-ін тоқтатты. Тек 7 жарылыс болды, соңғысы 19-шы қазанда болды. Қарағандының 130 мың қозғалысқа қатысушы шахтерлері қарар қабылдады:  егер жарылыс жалғасатын болса, мерзімсіз ереуілге шығу туралы. Оларды Семей, Павлодар, Өскемен мен Жезқазған жұмысшылары қолдады. Жұмысшыларды ҚазКСР Жоғарғы кеңесі қолдады.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475