Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
1897 1 пікір 14 Желтоқсан, 2022 сағат 13:06

Роман Скляр Екібастұзға қатысты не дейді?

«Екібастұз қаласы жаппай үсікке ұшырады» деген сөз артық айтқандық деп есептейді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр.

«Екібастұзда барлығы 689 көпқабатты тұрғын үй бар. 15 жылыту пункті ашылды. Әрине, тұрғындардың көбі пәтерлерінде болды. Тұрғындардың 30 пайызы болатын шығар, радиаторлар ауыстырылған кезде мүліктерін күзетіп, үйлерінде қалды. Бірақ бүкіл қала қатып қалды дейтіндей жаппай апат болған жоқ», - деді ол.

Оның мәліметі бойынша, негізінен қаланың үш шағын ауданында тұрғындар жылусыз қалған.

«Қатып жатқан Екібастұз» деген сөзді үш шағын ауданға қаратып айтса болады. Иә, бұл өте көп – 5100 пәтер, сонда тұрып жатқан және 7-10 күн бойы жылусыз қалған 13 мың тұрғын бар. Апат кезінде 149 үй бірден жылу жүйесінен ажыратылған. Оның ішінде 79 үй бірінші күні-ақ қайта жалғанды. 70 үйде жұмыс жалғасып жатты. Келісетін шығарсыздар, 79 көпқабатты үй мен 70 көпқабатты үй деген әр түрлі сандар. Тағы да қайталап айтам, бүкіл қала қатып қалды деу кем дегенде дұрыс емес», - деді вице-Премьер.

Сондай-ақ, ол апат кезінде Екібастұзда қалай жұмыс істегенін айтты.

«Мен жүздеген пәтерді аралап шықтым. Штаб жылу-электр орталығында орналасты. Мен өз міндетімді қалай керек деп есептесем, солай атқардым. Ерте таңнан бастап түн ортасына дейін жүрдім. Жалғыз мен емес, бүкіл штаб жұмыс істеді. Оның құрамына Екібастұздағы қала түзуші ірі кәсіпорындардың басшылары кірді және осы жұмыстарды атқарды», - деді Роман Скляр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 870
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2272
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 583
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 562