Сенбі, 5 Қазан 2024
46 - сөз 2287 5 пікір 17 Желтоқсан, 2022 сағат 15:40

Ресей саяси-экономикалық блокадаға кетті

Ресейге ең ауыр 9-шы пакеттегі санкциялар тағайындалды. АҚШ пен Еуроодақ Ресейдің 168 ірі компаниясы мен жеке, заңды тұлғаларының жұмысына тосқауыл қойып, сырттан келетін тауарлардың алдын кесті. Персоналды санкциялар осы жолы Ресейді нағыз экономикалық блокадаға тығады. Көресіздер оны.

Санкцияға ілінген жеке тұлғалардың ішінде соттар, прокурорлар, медиаперсонал басшылары, депутаттар, банк басшылары, ірі кредиторлар бар. Оның ішінде Ресейдің ең ірі Мәскеу кредит банкі мен оның басшысы, Жалпыресейлік даму банкі мен оның басшысы да бар. Бұрын соттар мен прокурорлар тізімде болмайтын еді.

9-шы санкциялар пакеттері арқылы НТВ, "Мир", Россия 1, РЕН ТВ мен" Первый канал" телеарналарын да санкциялар астына алды. Сонымен қатар, Ресейдің ең ірі саяси партиялары "Единой России", ЛДПР, КПРФ, "Справедливой России" және "Новые люди" саяси ұйымдары мен олардың басшылары да санкциялар тізіміне кірді.

Ресейге қатаң шектеу мен саяси-экономикалық блокада қойды. Осы жолғы санкциялар бұрынғыға ұқсамайды. Кремльде қазір аласапыран болып жатыр. "Әйт!" десе орысқа шауып баратын бізде жағдай қалай болар екен... Сол мені қатты ойландырып отыр...

Бекболат Қаржан

Abai.kz

5 пікір