159 арна: Үйімізде, төрімізде тұрған кім?
Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркеуден өтпегендіктен 2 наурыздан бастап «DIGITAL TV» кабелді операторы Қазақстан аумағына таратып отырған «World Fashion Channel», «Zone Reality», «Знание», «Zone Romantica» шетелдік телеарналарының таралым қызметі тоқтайды. 2012 жылғы 18 қаңтарда шыққан «Телерадиохабарлар туралы» ҚР заңына сәйкес аталған арналарды ретрансляция жасауға шектеу қойылды.
Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жарық көрген бетте: «Бұл заң Қазақстан азаматтарының ақпарат алу мүмкіндігін шектейді» деп сын айтқандар да болды. Бірақ заңның аты заң. Ол орындалуы керек. Сонымен кабельдік қызметі заңға қайшы деп танылған арналардың алды жабыла бастады. Ал қалғаны әлі самсап тұр.
1 наурыздағы мәліметке қарағанда, министрліктің тіркеуінен өткен 159 шетелдік телерадиоканал ел аумағына таралады екен. Оның 113-і Ресейдікі.
Тізімге қараңыз: