Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2895 4 пікір 22 Желтоқсан, 2022 сағат 13:24

Ресей: "Украинаны жеңген соң, Әзербайжанға басып кіреміз"

Үш жүз күн бойы азаттығы үшін соғысып жатқан Украина халқының ерлігін Әлем көріп отыр. Ал, осы уақытта ел Президенті В.Зеленскийдің АҚШ-қа баруының да символикалық мәні бар. Былайша айтқанда, жыл аяқталды, майдан шебі бойынша украиндар үш рет жеңіске жетті, яғни, Украинаның солтүстігінен жау тырқырай қашты, екінші кезеңде Харьков облысы азат етілді, үшінші, ол жау қолындағы Херсонның босатылуы. Енді, төртінші сәтті операцияны күтеміз. Украиндар оккупациядағы жерінің 54 проценттен астамын қайтарды, дегенмен, ел аумағының әлі де 18 проценте жуығы басқышылар қарамағанында.

Қолдарынан боқ та келмейтін басқыншылар тек лаңкестік әрекеттерге барады. Инфрақұрлым, жылу-жарық орталықтарын атқылауын доғарар емес, дегенмен, Украина біртіндеп әуе қорғанышын күшейтін, әуеден жау соққысын азайта түскен, әуеден келетін зымыран-дрондардың шамамен алғанда 80 проценттен астамы құлатырлып жатыр. Егер, Patriot сынды әуе қорғанышы жетсе, онда Украина аспанына едәуір тыныштық орнайды деген сөз. Айтқандай, АҚШ және Украина басшыларының кешегі кездесуі нәтижесінде кекілділер еліне тағы 1,85 млрд доллар бөлінетін болды.

Ал, мен кейде украин сарбаздарын батырлар жырларындағы қазақ батырларымен салыстырамын. Олар да өз елінің азаттығы, жерінің амандығы үшін қан төкті және суға салса батпайтын, отқа салса жанбайтындай. Дегенмен, украин сарбаздары ет пен теріден жаратылған, адам баласы, тек рухтары мықты. Отаршылар болса, қанға тоймай, әскерге тағы 1,5 млн адам, оның ішінде 700 мың келісім-шарт бойынша адам алуға мүдделі. Бірақ, озық батыс қаруы мен рухты украин әскерлері 2023 жылы жауды қуып, жеңіліске ұшыратады ден сенемін.

Айтқандай, "жеңілген күреске тоймас" дегендей: "біз Украинаны жеңген соң, Әзербайжанға басып кіреміз" деп көлгірсиді отаршылар, сондағы мақсаты Әлемдегі мұнай бағасының түсіп кетуімен байланысты. Әзербайжан Еуропа нарығына мұнай жеткізуші елдердің біріне айналған, ал, түркімен газы туралы айттық. Осы мезетте қазақ мұнайы да Германияға нарғына жетеді деген ақпарат шықты. Лайым солай болсын!

Қолдарынан еңтеңе келмеген соң, басқыншы ел, Косово мен Сербия арасына ши жүгіртуге тырысқан. Ал, Косово мен Албания өз кезегінде түрік дрондарын сатып алған. Бір қызығы, 2022 жылы түрік ағайындар "Байрақтарын" сату арқылы 2 млрд. доллар қаражат тапқан. Жалпы, қазір Әлемде қарулану, қар-жарақ шығару өндірісі белең алған. Мысалы, АҚШ-та зейнеткерлер қару-жарақ зауыттарына жұмысқа шақырылса, керісінше, Ресейде Иран дрондарын шығару жөніндегі әңгіме сиырқұйымшақтанып кеткен.

Қалай десек те кешегі Әлемнің басты елі КСРО-ның мұрагері Ресейдің енді дүние жүзінің екінші дәрежелі емес, технологиялық жағынан артта қалған үшінші деңгейлі елге айналуы қызық. Бір жағынан 70 жыл бойы жалған идеологиямен уланған, одан кейін 30 жыл бойы үгіт-насихаттарымен уланған оларды аяп та қажеті жоқ!

Жалпы, Украина мен РФ соғысы идеологиялық күрес, оны кешегі күні мына көрініс жақсы көрсетті. Украин Президенті қан майдандағы, 40 000 жау күндіз-түні атқылып жатқан Бахмутқа барып, сарбаздарға қолдау білдірді, ал, РФ Президенті штабқа барып, қайтып кетті. Міне, осыдан-ақ көп жайтты байқауға болады!

Айтқандай, алдында Бахмутта көше ұрыстары жүріп жатқан болатын, енді, украин сабаздары оларды шаһар махаллаларынан тым-тырақай қуып шыққан!

Амандық Әмірхамзин

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395