Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3134 0 пікір 6 Наурыз, 2013 сағат 03:42

Шәріпхан Қайсар. Австрия сиырының сыры кімге мәлім?

Осыдан екі жыл бұрын үлкен дауға қалған «ҚазАГРО» холдинг жобасының түкке тұрғысыздығы біздің ғалымдар мен сарапшылар тарапынан қанша айтылса да, назарға ілінбеді. Холдингтің көп ақшасы көкейлерін тескен дөкейлер ақыры европалатып Австриядан қыруар сиырды қаржыны шашып, шекара асырып алып келген еді. Өзіміздің ақбас тұқымды сиырдың сырып тастап, кіріскен сол жоба быт-шыт болды: евросиыр біткеннің бәрі Шмаленберг ауруына шалдыққан бәле болып шықты. Енді оны емдеу мүмкін емес, тек қыруды ғана қолға аласың... Бұл ауру өзіміздің малға жұқпасына кепіл жоқ. Басқа тағы қандай сырқаты бары Асылжанға ғана аян...

Сол кездегі агро сектордағы дөкейлер тіпті, «өзіміздің ресейлік құдайларымызды» да тыңдамаған: орыс ғалымдары мен сарапшылары мұның қатерлі жоба екенін айтып, жазған хаттары да жыртылып жолда қалғанына не себеп екені Мамытбеков қана мәлім...

«Егер Австрия өз еркiмен шығынымызды өтеп бермесе, бiз сотқа жүгiнемiз. Келiсiм­-шарт бойынша, ол - қазақстандық сот. Не­гiзгi шығын ғана емес, моральдық шығын да өтелуi тиiс», - дейдi Мамытбеков. Алайда, министрдің бұл сөзі қаншалықты іске асатынына күмән көп - қазақтың ақшасы тағы да қаңғыған «Қазсаттай» желге ұшты демеске, дәмгі жоқ.

Бұдан бұрын елге Ауылшаруашылық министрлігінің керегі жоқтығын, оның орнына адамды жарылқайтын Ауыл министрлігін құруды айтқанбыз. Сол мәселе тағы да алдымыздан шықты. Қазақтың сұраусыз қаржысы тағы да есептен шығарылады, ешкім жауап бермейді, есіргендер еселеп байи береді...

Анықтама

Министрлік ақпаратына жүгінсек, 2012 жылдың қыркүйегінде Солтүстік-Қазақстан облысының «Леонов» ШҚ және «Полтавское» ЖШС-не Австриядан 722 бас сиыр әкелінген. Малдың бәрі мал дәрігерлік талапқа сай карантинге алынған. Карантиндік шараларды өткізу барысында «Республикалық ветеринарлық зертхана» РМҚ және «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» ММ қоздырғыш вирустық диареясы мен Шмаленберг ауруын анықтады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340