АЙНА
«Абай» - «Айна»
Abai.kz ақпараттық порталы Жаңа медианың мүмкіндігін пайдалана отырып, «Айна» атты бейнебағадарлама ұсынады. «Айна» айтары бар азаматтарды бөліп-жармайды. Еліміздегі телеарналардың эфирінен көрінуге, сөйлеуге мінәйі себептер сылтау болып «нон-грант» қойылған тұлғаларға да «Айнаның» жүзі ашық.

Қоғамдағы келеңсіз көріністерді немесе көпті сүйсінтетін игілікті істерді сергек жастарымыз ұялытелефондарына жазып алып, редакциямызға жолдап жатса, тіпті құба-құп. Өйткені бүгінгі ақпараттық технологияның жетістігін осындай ортақ мақсатқа пайдалана алсақ, «Айнамыз» қоғамның шын айнасына айнала түсер еді.
Сонымен, «Айнаның» алғашқы қонағы - «Ұлт тағдыры» қозғалысының төрағасы Дос Көшім мырза. Дос мырза әңгіме үстінде: «Аға буын енді саясаттан кетуіміз керек шығар», - деп ағынан ақтарылды. Тегінде, «Тіл жүректің айтқанына көнсе, жалған шықпайды» (Абай).
«Айнаға» қарап жүріңіз. «Айнадан» көрініңіз. Бәіріміз жабылып қоғамды «Айнаның» алдына қоя білейік. Хабарласыңыздар:
Abai-akparat@mail.ru
8 (727) 249-70-11; 8 (727) 249-70-14
8 701 816 40 84
8 705 966 37 44
Abai.kz