Жұма, 22 Қараша 2024
2707 3 пікір 29 Желтоқсан, 2022 сағат 14:12

K=12,9. Жер сілкінісі Алматыға жақындап келеді

Жылда тіркелетін жер сілкінісі Қытайдан Алматыға жақын келе бастады. 28 желтоқсанда Ұлттық мәліметтер орталығының жедел ақпараты бойынша Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 шақырым жерде, Қырғызстан мен Қытайдың шекаралас аймағында жер сілкінісі болды, - деп жазады dalainside арнасы.

Эпицентр координаттары: солтүстік ендік 41,93 градус, шығыс бойлық 79,53 градус. Магнитудасы mb=6. Энергетикалық класс K=12,9. Тереңдігі h=6 км. Жер сілкінісі Алматыда 3-4 баллдық күшпен сезілді.

K=12,9 энергетикалық класс - Алматы үшін сигнал болуы тиіс. 2022 жылы жаңартылған Алматы агломерациясының сейсмикалық картасына сәйкес Алматы қаласы 9-10 балдық белдеуде орналасқан. Қалада барлығы 27 тектоникалық жарықтар бар. Үлкен энергетикалық класс Алматының түбінен ұрса, тектоникалық сызаттар шөгіп, қала жердің астына кетіп қалады.

Іле тектоникалық жарығы - Алматы үшін ең қауіптісі. Ол диагоналды жарық. Әл-Фараби даңғылынан басталып, Желтоқсан көшесін бойлап төмен кетеді.

Сайран көлігінің түбінде Солтүстік жерасты сызаты жатыр. Ол Әуезов ауданына үлкен қауіп төндіреді.

9 балдық зілзала болатын болса, Алматыда 300 мыңнан астам тұрғын өледі деген жабық болжам бар. Бірақ зілзаладан кейінгі апаттар: өрт, су тасқыны мен техногенді авариялар тағы да 200 мың адамның өмірін қия алады.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279