«Zona.KZ» бас редакторы хакерлік шабуылдардың қайта жандануына байланысты құқық қорғау органдарына шағымданбақ
Алматы. 18 мамыр. ҚазТАГ – Дилярам Аркин. Қазақстандағы танымал «Zona.KZ» интернет-газетінің бас редакторы Юрий Мизинов хакерлік шабуылдардың қайта жандануына байланысты құқық қорғау органдарына шағымданбақ.
Оның айтуынша, DDos-шабуыл 14 мамырда кешке басталған.
«Шабуылдың күші әзірге белгісіз, біздің мамандар мұны анықтап жатыр. Бір жағдай ғана белгілі: бұл күш «Республика» ақпараттық порталына жасалған шабуылға қарағанда, айтарлықтай төмен», - деп атап көрсетті Ю. Мизинов.
Ол «Zona.KZ» газетіне шабуылдардың деңгейіне қарап, жұмысты шетелден хакерлер командасы жүзеге асырып жатуы мүмкін деп жорамалдады.
«Осы себептен мен құқық қорғау органдарға арызданбақпын, бірақ шабуылдар аяқталған соң ғана. Премьер-министрдің көмегіне енді жүгінбеймін», - деп нақтылады Ю. Мизинов.
Ал «Республика – іскерлік шолу» қазақстандық газетінің сайты және «Республика» ақпараттық-сараптамалық порталы сияқты интернет-ресурстарға DDos-шабуылдар 17 мамырда, жексенбі күні секундына 14 гигабиттан асып түсті, бұған дейін оның қуаты секундына 12 гигабит болған.
«Осыған байланысты біз серверлерді уақытша өшіру туралы шешім қабылдадық», - делінген «Республика» газетінің сайтындағы оқырмандарға арналған мәлімдемеде.

Әріптестердің айтуынша, қазіргі кезде тәуелсіз басылымның мамандары қорғаныстың жаңа әдістерін жасап жатыр, ал редакция желідегі ынтымақтастықтың жаңа түрлерін ұсынып отыр.
«Біріншіден, бұл respublika-kaz.livejournal.com, мұнда журналистік материалдардан басқа, баспа газетінің жаңа санының PDF-түрін табуға болады. Екіншіден, осы аптада жаңа домендік атаулармен тағы екі ресурс жұмыс істей бастайды. Үшіншіден, біз «Республиканың» күнделікті таспасына қызығушылық танытатындар біздің редакцияға «Таспаға жазылу» сұранымын жолдаса, жетіп жатыр», - делінген хабарламада.
«Республиканың» редакциясы әзірге құқық қорғау органдарына шағымданбайды.
Бұрын хабарланғандай, 14 мамырда Қазақстанда танымал интернет-ресурстардың сайттарына тағы да жаппай хакерлік шабуыл жасалды.
Бұл танымал интернет-газеттердің сайттарына жасалған алғашқы DDoS-шабуыл емес. Ақпан айында, кейін сәуірде олар осындай проблемаларға тап болды. DDoS-шабуылдың себептері және олардың орындаушылары белгісіз.
Сәуірде «Zona.KZ» бас редакторы Ю. Мизинов осыған байланысты премьер-министр Кәрім Мәсімовқа сауал жолдады. Үкімет басшысы «бұл тақырыпты саясатпен байланыстырмауды» өтініп, өз көмекшілеріне мәселенің анық-қанығын анықтауды тапсырды. Алайда әзірге нәтиже белгісіз.
DoS-шабуыл (ағылш. denial of service, қызмет көрсетуден бас тарту) — және DDoS-шабуыл (ағылш. distributed denial of service, үлестірілген қызмет көрсетуден бас тарту) — бұл есептегіш жүйеге шабуылдардың түрлері. Бұл шабуылдардың мақсаты – жүйені жұмыс істей алмайтындай жағдайға жеткізу, яғни жүйені заңды қолданушылар жүйе ұсынатын ресурстарға кіре алмайтындай немесе кіру мүмкіндігін қиындататын жағдайлар жасау.