Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Билік 3179 237 пікір 26 Қаңтар, 2023 сағат 11:01

Барлық партияға бірдей мүмкіндік беріледі

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент Сенатының отырысындағы сөзінде айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Салмақты саяси күштер халықтың мұң-мұқтажын ескеріп, нақты мәселелерін шешуге ерекше назар аударады. Әлеуметтік маңызы бар идеялар мен бастамаларға барынша көңіл бөледі. Еліміздегі партиялардың көпшілігінде мемлекетшілдік ұстаным бар. Бұл – жақсылықтың нышаны.

Жұрт жақында өз таңдауын жасайды деп сенемін. Алдағы сайлауда партиялардың бәріне бірдей мүмкіндік беріледі. Әкімдер қандай да бір саяси ұйымға жетекшілік ете алмайды. Ата заңға енгізілген өзгеріске сәйкес Президент барлық саяси күштен тысқары тұруға тиіс. Мәжіліс пен мәслихат сайлауы жаңа әрі әділ ереже бойынша өтеді.

Алдағы сайлауды Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы деуге болады. Қоғамның түрлі өкілдерінің мүддесін партиялар арқылы қорғау мүмкіндігі артады. Мұның бәрі саяси жүйенің орнықты және тиімді болуын қамтамасыз етеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Abai.kz

237 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 962
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2474
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 668
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 644