CPJ мәліметінше, Украинадағы соғыстан хабар тарату кезінде 15 БАҚ өкілі қаза тапқан.
Журналистердің дені соғыс басталған кезеңде қайтыс болған. Соңғы рет 2022 жылдың мамыр айында француз операторы Фредерик Леклерк-Имхофф гуманитарлық автобуста келе жатқан кезде, орыстың бомбасынан қаза тапқан.
Қиын жағдайға қарамастан Украинада журналистер хабар таратуды жалғастырып келеді.
2022 жылы журналистер үшін ең қауіпті аймақ Латын Америка болды. Онда кемінде 30 журналист көз жұмды. Олардың дені жемқорлық тақырыбында мәселе көтергендер.
Мексикада 13 журналист қаза тапқан.
"Мексикада журналистерді қорғайтын заңдар бар. Олардың құқығын қорғайтын тәуелсіз ұйымдар бар. Бірақ мұның бәрі журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмай отыр", - делінген CPJ мәлімдемесінде.
Abai.kz