Жұма, 29 Наурыз 2024
1481 0 пікір 26 Қаңтар, 2023 сағат 11:20

Шетелге шығарылған ақша. Үкімет не дейді?

Заң жобасында "активтерді заңсыз шығару жолдарын жабу, ақшаны өз еркімен немесе мәжбүрлі түрде қайтаруға жағдай жасауға" шақыратын баптар бар. 

"Тиісті мемлекеттік органдардың сараптамасы нәтижесі бойынша активтер жөнінде арнайы декларация тапсыратындай шектеулі тізім жасап шығару көзделген. Егер активтердің иесі ақшаның қайдан келгенін дәлелдеп бере алмаса, ол негізсіз келген қаржы көзі ретінде есепке алынып, мемлекет кірісіне қайтарылуды көздейді", - делінген үкімет таратқан хабарламада.

Қайтарылған қаражат Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруге арналған жобаларға жұмсалмақ.

Қаңтар оқиғасынан кейін ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдің байлығын иемденген адамдар жайлы бірнеше рет айтты.

Tax justice network ұйымының мәліметінше, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорлы ұйымдарға 140–160 млрд доллар шығарылған. Кейбір сарапшылар шығарылған қаражат бұдан да көп болуы мүмкін дейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1581
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2281
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3610