Жұма, 29 Наурыз 2024
1763 0 пікір 26 Қаңтар, 2023 сағат 11:31

ЕАЭО: Қазақстанның сыртқы қарызы қанша?

ЕАЭО елдерінің сыртқы қарызы едәуір қысқарған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. Бұл туралы ЕЭК мәлім етті.

Ұйым дерегіне сүйенсек, 2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Одақтың сыртқы борышы өткен жылмен салыстырғанда 8,6%-ға немесе 61,7 млрд долларға төмендеді.

Атап айтқанда, бұл көрсеткіш Қазақстанда – 160,9 млрд (-3,2%), Беларусьте – 41,5 млрд (-1,9%) және Ресейде – 434,1 млрд долларға (-11,4%) дейін төмендеді.

Ал Арменияда – $13,9 млрд-қа дейін (+0,4%), Қырғызстанда – 99,2 млрд-қа дейін (+4%) өсті.

"Одаққа мүше мемлекеттердің сыртқы борыш құрылымында Беларусьте басқа секторлар бойынша, Қазақстанда – фирмааралық кредиттеу (тікелей инвестициялар) бойынша, Ресейде – басқа секторлар және фирмааралық кредиттеу бойынша қарыздың азаюы байқалды. Армения мен Қырғызстанда қарыздың ең көп өсуі банк секторында байқалды", – делінген ЕЭК хабарламасында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1574
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2268
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3576