Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
2085 1 пікір 31 Қаңтар, 2023 сағат 17:17

Орынсыз құрылыс жүргізуге рұхсат берген шенеуніктер жазаланады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік нысан, саябақ және ойын алаңының орнына зәулім кеңселер салуға рұқсат беріп жатқан лауазым иелері жемқорлыққа байланысты жауапқа тартылатынын мәлім етті.

«Тағы бір мәселе бар. Қаланың келбетін бұзып тұрған ала-құла жарнамалар өте көп. Оның бәрі талапқа сай болуы керек.

Сондай-ақ қалада орынсыз құрылыс жұмыстары көбейіп кетті, яғни үйлердің арасына ғимарат салына беретін болды. Бұл әсіресе, «Мыңжылдық» аллеясында, Сарайшық, Сығанақ, Тұран, Бейсеков көшелерінде қатты байқалады.
Тұрғындарға әлеуметтік нысан, саябақ немесе ойын алаңы салынады деп уәде беріледі. Алайда, ол жерде иін тірескен ғимараттар пайда болады. Мысалы, «Олимп палас-2» тұрғын үйінің ауласындағы ойын алаңының орнына зәулім кеңсе салынған.
Мұндай құрылысты біржола доғару керек. Әйтпесе, шешім қабылдаған тиісті лауазым иелері жемқорлыққа байланысты жауапқа тартылады. Себебі осындай шешімдердің астарында құрылыс компанияларының әкімдікте жұмыс істейтін адамдармен бірге азаматтарымыздың ықыласына қарсы қабылдаған әрекеттері жатыр», - деді Қ.Тоқаев.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036