Сенбі, 23 Қараша 2024
Сайлау 2023: 1944 7 пікір 3 Ақпан, 2023 сағат 11:58

Сайлау және саяси мәдениет

Адамзат  баласы бүгінгі  күні  қоғамды  дамытуда  демократиядан  басқа  балама  жол  тапқан  жоқ.   Бұны қазақ  қоғамы да  анық   сезінді. Демократия - халықтың  билігі  деген  сөз.  Халықтың  билігі   сайлау  арқылы  іске  асады.   Сайлау - саяси  өмірдегі   саяси  мәдениетті  қалыптастырудың  ең  негізгі  инструменті  болып  есептеледі.

Біз  жаңа  саяси  мәдениет  қалыптастыруымыз  керек.  Бұны  президент  Қ.Тоқаев  жаңа  Қазақстан  құру  бастамасында  жиі  ауызға  алып  жүр.  Себебі баршамызға  мәлім. Біз  өткен  отыз  жылда  демократиялық  құндылықты  орнықтырып,  жаңа  саяси  мәденииетті  қалыптастыратын  сайлау  өткізе  алғамыз  жоқ.

Сайлау - ол  үміткерлердің  арасынан  толымдыны  талдау. Талдау  болу  үшін   таңдау  мүмкіндігі  болуы  шарт.

Кезекті  Мәжіліс  сайлауы  мен  мәслихат  сайлауында  электораттарға  таңдау  мүмкіндігі  туды.  Бұл  бір  мандатты  сайлауда  анық  көріне  бастады.  Ал  саяси  партиялар  арасында  бәсекелестік  бола ма?  Бізді  қызықтыратын  осы  түйткіл.   Бізде  бұрыннан  партиялар  арасында  бәсекелестік  жоқ.  Билік  партиясы  формальді  түрде  болмайды.  Бұл  партиялардың  арасындағы  саяси  бәсекелестікке  жол  аша ма?  Жоқ әлде  партиялар  президент  төңірегіне  топтаса ма? Партиялардың  қазіргі  бейнесіне  қарағанда,  президент  айналасына  топтасу  анық  байқалады.   Сайлау алды үгіт-насихат  әлі  басталмады. Басталғанда  партиялар    "былтыр  өткен  президент  сайлауы  әділ  өтті; Қ.Тоқаев  тәуелсіздікті  сақтап  қалушы  тұлға;  алтыншы  қаңтарда  бейбіт  халыққа  оқ  атылған  жоқ"  деп  санаса,  немесе  бұндай  өзекті  өткір түйіткілді  мәселелерді  халық  алдында  көтермей, жауап  бермей, ат-тонын  ала  қашса, онда  партиялардың да арты белгілі  болғаны.

Біз сайлауды саяси  күрес болу керек деп санаймыз. Алдағы Мәжіліс және  мәслихат сайлауы жаңа Қазақстанда жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына негіз болатын, Қазақстан  халқының саяси мәдениетіне бетбұрыс әкелетін  сайлау болуын талап етеміз.

 

Наурызбай  Тұңғатарұлы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5357