Сенбі, 23 Қараша 2024
1733 1 пікір 8 Ақпан, 2023 сағат 14:56

Зейнетақы жинағын шетелдік ұйым басқара ма?

ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова зейнетақы активтерінің бір бөлігін жеке басқаруға беру кезінде қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін айтты.

«Ұлттық банк ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша жұмыс жүргізді. Бұл ретте зейнетақы активтерін басқаруға жеке басқарушы компанияларды тарту мүмкіндігін қарастыратын БЖЗҚ-ның тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеуді көздейді. Осы орайда бірлесе даярланған ұсыныстарға тоқталсақ, БЖЗҚ салымшыларына өздерінің қалауы бойынша жинақталған зейнетақы қаражатының 50%-ға дейінгі бөлігін жеке басқаруға аудару құқығын беру ескерілген», - деді Ә. Молдабекова Сенатта депутаттармен кездесу кезінде.

Сонымен қатар ол жеке басқарушы компаниялардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту мүмкіндігі қарастырлып отырғанын айтты.

«Зейнетақы активтері тұрғысында табыстылықты қамтамасыз ету үшін жеке басқарушы компанияларға қойылатын талаптарды жақсарту бойынша шара қабылдау керек. Бұдан бөлек, жекеменшік басқарушы компанияларды зейнетақы активтерін басқаруға жіберу критерийлерін кеңейту қажет. Оның ішінде зейнетақы активтерін басқаруға кредиттік рейтингі жоғары шетелдік еншілес ұйымдарды тарту мүмкіндігін қарастыру ұсынылды», - деді ҰБ өкілі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл 7 ақпан күні Сенатта Әлеуметтік кодекстің жобасын таныстыру кезінде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова зейнетақы жүйесі саласындағы өзгерістер туралы айтты.

Салымшылар бар зейнетақы жинақтарының 50 пайыздан аспайтын бөлігін активтерді басқару жөніндегі компанияға беруге және мұндай компанияны өздері таңдауға құқылы болады. Бұл ретте зейнетақы жинақтарының сақталуына мемлекеттік кепілдік тек Ұлттық банк басқаратын жинақ бөлігіне ғана беріледі.

«Ал жеке басқаруға берілген зейнетақы жинақтарының сақталуына және оның табыстылығына салымшы таңдап алған компания жауапты болады. Сондықтан әрбір салымшы басқару жөніндегі жеке компанияны таңдаған кезде ықтимал тәуекелдерді ескеруге тиіс», - деді министр.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417