Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3022 0 пікір 15 Қазан, 2013 сағат 04:23

Интернет-конференция: Зардыхан Қинаятұлы (Жалғасы. 4 сұхбат)

 

Конференциямызды кезекті қонағы Зардыхан Қинаятұлының оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға берген жауаптарып жариялауды одан әрі жалғастырамыз.

Бұл жолғы жауабында Зардыхан Қинаятұлы латын әліпбиіне қатысты сауалға жауап бере келіп былай дейді: «Латын әліпбиіне көшу керек. Мен мұны бұрыннан ойлайтынмын. Президент латын әліпбиіне көшу мәселесін бұдан бұрын екі рет: 2001 және 2006 жылы айтқан еді. Ал, биылғы жолдауда 2025 жылға дейін көшуіміз қажет деп нақты уақытын белгілеп айтты. Кейбіреулер латын әліпбиі деген ойын, ол қазаққа зиян келтіреді деп айтып, жазып жүр. Бірақ, мен әліпби мәселесінде Президенттің ойын жүз пайыз қолдаймын».

 

 

- Путинге күрең қабақ танытқан Назарбаев Түркияға ұшып барып, наз айтқандай болды. Демек, ескі досымыздан алыстасақ, көне түркі одағының қуатты елге айналар мүмкіндігі бар ма?

- Нұрекең Түркия барған сапарында бұрын айтып көрмеген жақсы сөз айтты.

Әлемде жан саны 240 миллион түркі тектес халық бар. Түркі халықтарының бірлігі шын мәнінде жүзеге асса, ол ешкімге алдырмайтын қамал болар еді. Қазақстан я түркі бірлігі мен Россияны қатар ұстауы керек, я келешекте түркі факторын алға шығаруы тиіс. Сондықтан Президенттің Түркияда айтқан сөзін әлгіндей ойлардың ұшығы ма деп қабылдадым.

 

Конференциямызды кезекті қонағы Зардыхан Қинаятұлының оқырмандар тарапынан келіп түскен сауалдарға берген жауаптарып жариялауды одан әрі жалғастырамыз.

Бұл жолғы жауабында Зардыхан Қинаятұлы латын әліпбиіне қатысты сауалға жауап бере келіп былай дейді: «Латын әліпбиіне көшу керек. Мен мұны бұрыннан ойлайтынмын. Президент латын әліпбиіне көшу мәселесін бұдан бұрын екі рет: 2001 және 2006 жылы айтқан еді. Ал, биылғы жолдауда 2025 жылға дейін көшуіміз қажет деп нақты уақытын белгілеп айтты. Кейбіреулер латын әліпбиі деген ойын, ол қазаққа зиян келтіреді деп айтып, жазып жүр. Бірақ, мен әліпби мәселесінде Президенттің ойын жүз пайыз қолдаймын».

 

 

- Путинге күрең қабақ танытқан Назарбаев Түркияға ұшып барып, наз айтқандай болды. Демек, ескі досымыздан алыстасақ, көне түркі одағының қуатты елге айналар мүмкіндігі бар ма?

- Нұрекең Түркия барған сапарында бұрын айтып көрмеген жақсы сөз айтты.

Әлемде жан саны 240 миллион түркі тектес халық бар. Түркі халықтарының бірлігі шын мәнінде жүзеге асса, ол ешкімге алдырмайтын қамал болар еді. Қазақстан я түркі бірлігі мен Россияны қатар ұстауы керек, я келешекте түркі факторын алға шығаруы тиіс. Сондықтан Президенттің Түркияда айтқан сөзін әлгіндей ойлардың ұшығы ма деп қабылдадым.

- Балаларыңыз қай тілде, кім болып оқып, өсті?

-  Бес балам бар. Екі ұл, үш қыз. Шыны керек, төртеуі орыс мектебін, біреуі мұңғұл мектебін бітірді. Үлкен ұлым білім алған жері - Венгрияда тұрып жатыр. Кіші ұлым Батыс елдерінде оқып келіп, бүгінгі ЖОО да ұстаз болып жұмыс істейді. Қыздарым да әртүрлі қызметте. Бәрі аяғынан тұрған. Балалы-шағалы.

- Өзіңізге қарсы айтылған сындарға қалай қарайсыз?

- Дұрыс әрі шын сын болса қабылдаймын. Мысалы, жоғарыда бір сұрақ беруші айтқандай Шыңғыс ханды сіз неге советтік көзқараспен қабылдап, айтып жүрсіз дейтіндей сындарды қабылдай алмаймын. Өйткені, ол дәйексіз қабылауға тұрмайтын сын. Ал егер менің жазған еңбектерімді қарап, соған байланысты мынадай дерек бар осыны неге пайдаланбадыңыз, қаперге алмадыңыз десе, ондай сынды қабылдаймын және ол адамға алғыс айтар едім.

Талай сын естідім. Сынға әбден иленген адамбыз ғой. Сондықтан сынға қарсы емеспін. Адал сын айтқан адамды жақсы көремін.

- Моңғолиядан келген ағайындар екінің бірінде, бірінің артынан бірі шырақ алып, тіпті ҚР -да үкіметтік мекмелерге дейін арыздасып, соттасып жатады. Мұның себебі не? Ақсақал ретінде сіздерді тыңдай ма?

- Қазақстанда Мұңғұлиядан келген қазақтар бір-бірімен айтысып жүр екен дегенді өз басым естімеген екенмін. Басқаны қойып, ғылым саласын айтайық. Мәселен, ғылымның әр саласында Мұңғұлиядан келген профессор ғалымдар жетерлік. Алайда, олар өзара айтыспақ түгілі, бір-біріне артық сөз айтқан емес. Сондықтан сұрақ беруші азаматтың айтып отырғаны жаңсақ әңгіме болар.

Асалаумағаликум аға! Қандай кітаптар оқисыз, қазір не оқып жүрсіз?

- Ой, қарағым-ай, кітаптың астында отырған адаммын ғой. Күніне тарихқа қатысты талай кітапты қараймын. Жарық көріп жатқан келелі әдебиеттерді жібермей оқуға тырысамын.

- Шетелдегі қазақтар не істеуі керек? Азып-тозып мұнда келсе күні белгілі, Жапан даладан да алақандай  жер берілуінің өзі қиямет. Сіз қандай ақыл айтасыз?

- Кезінде шетелдегі 5 миллион қазақ түгел келіңдер деген ұран тасталғаны рас. Ол уақытта популистік әңгімелер көп болды. Сол кездің өзінде-ақ барлық қазақтың көшіп келуі мүмкін еместігін айтқанмын.

Мұңғұлиядағы, Қытайдағы, Россиядағы қазақтардың бәрі шекаралық аймақтарда орыналасқан. Яғни, екі елдің арасындағы шекараны жұмсартқыш күштер.

Бұрын шетелдегі қазақтар төркінсіз жетім қыздың күйін кешіп келді. Ал, қазір шетелде жүріп қандай бір жағдай бола қалса, «Қазақстаныма кетемін!» дейсің. Яғни, шетелдегі әрбір қазақтың артында Қазақстан деген іргелі елі, ұлты, мемлекеті ұлы Отаны бар. Бұл - періштең қорғап жүргендей сезілетін алып күш.

Қазіргі шетелдегі қазақтар бақытты деп ойлаймын. Егер жағдайлары жақсы, бақытты өмір кешіп жатса, тұра бергендері де жөн. Келешегін ойласа келсін. Ал, қандай бір қиын жағдай туындап жатса, Қазақстан оларды далаға тастамайтыны анық.

«Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол» деген сөз ескірді. Бұл - ортағасырлық мақал. Мәселен, Бейбарыс сұлтанның өмірі. Кезінде сатылып кеткен құл еді. Кейін Мысырды биледі. Кімнен кем болды. Оның үстіне қазір дүниежүзі жаһанданып, бір мемлекетке ұқсап келе жатыр. Бір ақпараттық кеңістікте өмір сүріп жатырмыз. Мысалы, Германиядағы туысыңмен интернет арқылы күнде бет көрісіп, сөйлесіп отыруға толық мүмкіндік бар. Ұшақпен келемін десең, бір күнде жетіп келуге болады. Сондықтан адамдар өзге елде өз ұлтын, дінін, ділін сақтай алса, тұра беруіне жағдай бар.

Латын әліпбиіне деген көзқарасыңыз қандай? Және оған қашан, қалай көшуіміз керек?

-  Латын әліпбиіне көшу керек. Мен мұны бұрыннан ойлайтынмын. Президент латын әліпбиіне көшу мәселесін бұдан бұрын екі рет: 2001 және 2006 жылы айтқан еді. Ал, биылғы жолдауда 2025 жылға дейін көшуіміз қажет деп нақты уақытын белгілеп айтты. Кейбіреулер латын әліпбиі деген ойын, ол қазаққа зиян келтіреді деп айтып, жазып жүр. Бірақ, мен әліпби мәселесінде Президенттің ойын жүз пайыз қолдаймын.

Кейде кейбір адамдармен кездесіп, айтысып қалып жүрміз. Олар екі нәрсені айтады. Біріншісі, қазақ тілін білмейтін қазақтар латынға көшкенде қалып қояды да, қазақ екіге бөлінеді дейді. Кириллицада жүргенде де қазақ тілін меңгермеген, мойындамаған адам латынға өтіп ана тіліне иіле қалады деген қиын шаруа. Қазақ латынға көшіп, ілгері кеткенде соңынан өзгелері келіп қосылмаса, латыннан шыға қашып, кері кетеді дегенге сенбеймін.

Екінші бір айтатындары: мәдениетіміз бен әдеби мұраларымыз шаң басып далада қалады-мыс. Меніңше, бұл бос сөз. Мысалы, аударма бағдарламасы жасалған жағдайда кириллицадан латынға бір кітапты 15-20 минутта аударуға болады.

Халық өзіне қажетті дүниелерді өз аударып, жөнге салып алады. Ал, керексізі қалады. Амал жоқ. Оған ренжудің керегі жоқ. Мәселен мен елге келгелі 11 кітап жазыппын. Латынға көшкен кезде оның қаншасы аударылатынын, қаншасының қалатынын білмеймін. Ел керек етсе, аударып алады. Қажет етпесе, оған өкпелемеймін.

Латын әліпбиі біздің жазу тәжірбиемізде бар. 1929 жылдан 1939 жылға дейін латын әліпбиінде болдық қой. Оның үстіне түркі халықтарының бір-біріне жақындауы, араласуына көп септігі тиер еді. Қазір кириллицада жазатын төрт-ақ мемлекет бар: Ресей, Болгария, Қырғызстан және Қазақстан. Әлем алға кетіп барады.

- Сіз кезінде Қазақстанға көшуді қолдап үлкен қате жібердіңіз! Монғолиядағы қазақтарды көшіру - монғол үкіметіндегі ұлтшылдардың қазақ диаспорасының жылдам өсімінен қорыққандықтан ойлап тапқандары болатын. Сол кездегі үкімет басшысының орынбасары Ганболд 1990 жылдың соңында шығар, Горбачев пен өзінің курстасы Егор Гайдарға барып: "Біздегі азғана қазақты алып көздерін құртыңдаршы" деп жалынған. Әйтпесе 50 жылдан кейін Ұлан-Батыр екінші Қазақ елінің астанасына айналады. Қазақ өсіп, монғолдар азайып барады дегенді айтқан. Сосын, монғолдар Халхын голдағы, Хэнтий аймағы Чандығындағы, Налайхдағы ашпақшы болған қазақ мектептерін жапқан. Қазақтарды алдымен Ленинградқа апарып құрылысқа салмақ болды, бармады, Алтай өлкесінің Кош-Агачына апарды, барды. Кейін Қазақстанға мал бағуға жіберіп, Абақ Керейдің тоз-тозын шығарды. Ал, сіз бірге келген азғана наймандарыңызбен қазір Алматыда отырсыз. Монғолия жеріндегі қазақ қозғалмай тұра тұрғанда ғой, енді 2050 жылға жетпей-ақ ежелгі Түркі жерін Орхон мен Ононды, Керулен мен Туыл өзені бойын қалың қазаққа айналдырып, екінші Қазақ Елін жасап алар едік. Сосын, екі Корея секілді болмай-ақ қосыла салып империяға айналар едік. Сіз соны кезінде қолдамай мәнсапқа сатылдыңыз, елші болдыңыз. Қазіргі жайыңыз осы! Келісесіз бе?

- Келіспеймін.Бірақ біреудің ойын жоққа шығарудың қажеті жоқ шығар. Бұл азаматтікі үлкен арман.

1991 жылы Мұңғұлияның статистикасындағы адамдардан сұратып, қазақтың санын шығарған едім. Сол кезде 136 мың қазақ бар болатын. Оның 70 мыңдайы көшті. Қалғандары өсті. Осыдан үш жыл бұрынғы санақтың нәтижесі бойынша Мұңғұлиядағы қазақтың саны 94 мың. Ал, мұңғұлдардың өсімі 3 млнға таяп қалды. Сонда қалай, сол баяғы 136 мың адаммен империя құру мүмкін бе еді? Бірақ, мен армандайтын адамдарды жақсы көремін. Алайда, сұрақ берушінің арманы ешқашан жүзеге асатын дүние емес.

Ал, Ганболд, Горбачев, Гайдарға қатысты айтылған әңгімелердің бәрі жалған.

-   Assalaumagalaikum! Kezinde siz qoldap, qorgap jurgen jigitterdin kobi qazirgi Mongol elining tizginin ustap jurgender.Biriprezidentbolsabasqalaryministerlerdegensiaqti... olarmenhabarlasypturasyzba? En songy ret Mongolia prezidentimenjaneoz prezidentimizbenqashanjolyktynyz?

-  1996 жылы елшіліктегі қызметімді тапсырып, Уланбатырға барып жұмыс есебімді өткізіп келген соң, Мұңғұлияға қайтып барған жоқпын. Туған-туыс, бала-шағаның бәрі осында, елде. Ал, ол жақтағы адамдармен интернет, хат арқылы хабарласып тұрамын. Мұңғұлияның қазіргі Президенті өз қызметіне кіріскен кезде құттықтап хат жазғанмын. Былтыр тағы бір рет хат жаздым. Ол кісі де маған жауап хат жазды. Өткенде Мұңғұлияның мемлекеттік хатшысы келіп кеткен. Жолығып көп әңгіме айттық. Сол сияқты адамдармен кездесіп тұрамын. Одан басқа көп ешкіммен араласпаймын.

Қазақстан Президентімен бет-бет, оңаша емес, көппен бірге екі рет жолыққанмын. Бірінші, Мұңғұлияның елшісі Гунгадорж сенімхат тапсырғанда бірге болдым. Бірақ ол кезде Президентпен сөйлесіп, мен қазақ едім, анау-мынау деген әңгіме болған жоқ. Сосын Президентке «жүз жылдың адамы» деген алтын медаль тапсырылған кезде көп адамның ішінде болдым. Суретке түстім. Ол кісімен жүзбе-жүз сөйлесіп көрген адам емеспін. Ол кісіге бір рет үй мәселесі бойынша хат жаздым. Ол кезде елшіліктегі қызметім аяқталып, елlt қалуға қамданып, тұрар жер жоқ жүрген кезім еді. Сөйтіп, Президенттің тапсырмасы бойынша осы отырған үйді берген еді.

- Сіз Жақайым Сартай батырды өмірде болмаған деп қалай қателестіңіз әлде дәлеліңіз бар ма? Мың бала қозғалысына күмән келтіруіңізге не түрткі? Ноғай ұлысы оның құрамындағы кіші жүз қазақтары тарихы жайлы не айтасыз? Атақты Әбілхайыр хан жайлы пікіріңіз қандай? Абылай ханның өзі құрмет тұтқан Әбілхайыр ханды неге Абылайдан төмен қоямыз? Тарих әділ бағасын бермей ме?

- «Жаужүрек мың бала» фильміне сценарий жазылған кезден бастап, бастан-аяқ кеңесші болдым. Бұл турасында Ақан Сатаев «Аңыз адам» журналында: «Зақаң жасы келгеніне қарамай күндіз-түні қасымызда болды. Ол кісінің көп көмегі болды» деп айтқан.

Мен Сартай туралы адасқан жоқпын. Керісінше, сұрақ қойып отырған адам адасып отыр. Фильмдегі Сартай ол - әдеби жиынтық образ. Ол - Сартай батыр емес. Сартай батыр 1785 жылы қайтыс болған адам. Иә, Сартай батыр болған. Қалмақтармен соғыстарға қатысқан.  Бір жырда оның мың балаға қатысқаны туралы айтылады. Ал, жоңғарлармен болған соғыстың негізгі фронты ұлы жүз бен орта жүзде жүрді.

Мың баланы мен ешқашан жоққа шығармаймын. Заманбек Нұрқаділов Алматының әкімі болып тұрғанда тарих институтының адамдарын жинап, Манаш Қозыбаев, мен және бірнеше адам бар, Мың бала туралы театрландырылған қойылым қою керек деген мәселені әкімнің алдында айтқанбыз. Мың бала қозғалысын қолдамасам, фильмге кеңесші болмас едім. Мың бала мәселесінде ешқашан қателескен жоқпын.

Фильмнің тұсаукесерінде бір адам маған жоғарыдағыдай сұрақ қойған. Бірақ ол кезде оған жауап беруге мүмкіндік болмады. Кейін «Ақиқат» журналында Мың балаға қатысты өз пікірімді айтқанмын.

Фильмдегі Сартай бейнесінің әдеби жиынтық образ екенін Аманшаев та, Ақан Сатаев та, біз де айттық. Бұл мәселені мен көтергім келмеп еді. Халықтың бір тобы «Менің батырым, біздің Сартай» деп отырғанда оны сенікі емес деп айтуды тілемеп едім. Амал жоқ, сұрақ қойған соң айтып отырмын.

Шыны керек, ел ішінде әңгіме болмас үшін фильмді түсіру барысында да Сартайдың атын өзгерту мәселесін қойғанмын. Бірақ ол кезде ол мойындала қоймады. Өткен іс өтті. Кино табысты шықты. Халық қолдады. Ақан Сатаев және басқалардың еңбегіне табыс тілеймін.

Ноғай құрамындағы кіші жүз қазақтары туралы сауалға келсек, «Қазақ мемлекеті және Жошы хан» деген кітабымда Ноғай құрамындағы кіші жүз қазақтары жөнінде жазылған. Іздеген, қызығатын адам болса, сол кітаптан оқып, танысуына болады.

Ал, Әбілқайыр туралы пікірімді «Аңыз адам» журналының 2012 жылы қаңтар айында шыққан 2 нөмірінде жаздым.

Әрбір ханның өз орны бар. Жоғарыда айттық, қазақтың 32 ұлы ханы және 28 жүздің ханы бар. Сол жүз хандарының бірі - Әбілқайыр.

Әбілқайырдың тарихтағы атқарған зор ісінің бірі - Ордабасыда мұқым қазақтың бас қолбасшысы болып тағайындалып, Аңырақай шайқасында қазақты жеңіске жеткізгені. Жаңағы айтып отырған «Жаужүрек мың балада» Әбілқайырдың рөлі жақсы көрсетілген. Сондықтан хандарды бір-бірімен жарыстырудың қажеті жоқ. Абылайдың өз тарихы, өз рөлі бар, Әбілқайырдың өз тарихы, өзі рөлі бар. Біз сол тарихты, атқарған істерін біліп алсақ, сол жетеді.

- Қарасай деген батыр болды ма, тарихта бар ма? «Түп тұқияннан өзіме шейін» деген кітап тарихи құнды мұра ма? Оның авторы Қазбек бек Тауасарұлына сіз «Жылаған жылдар шежіресі» деген кітабыңызда сілтеме жасап Қазбек бек бабам деген екенсіз. Сондай «бабаңыздың» барына еш күмәндәнбайсыз ба?

Алтайшы

- Мен оны «Жылаған жылдар шежіресінде» қолданғаным рас.Ол кезде «Түп тұқияннан өзіме шейін» деген кітаптың барлық мәселесін ашпаған, бітеу кезім еді. Сұрақ берген адаммен келісемін. Бабам деп қолданғаным шын. Бірақ, алғашқы ойым қазір өзгерді. Аталған еңбек көп сыналды. Ақыры, «Түп тұқияннан өзіме шейіннің» түп нұсқасы табылмады. Бұл кітап туралы пікірімді Қазбек бек Тауасарұлы жазған қолжазбасы табылған кезде ғана айта аламын.

(жалғасы бар)

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328