Сенбі, 23 Қараша 2024
1320 0 пікір 15 Ақпан, 2023 сағат 13:52

Жол құрылысы: 300-ден астам заң бұзушылық анықталды

Прокуратура органдары көлік жолдары саласының жай-күйін тексеріп, қорытынды шығарды, деп мәлімдеді Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Көлік жолдарын салу және жөндеу кезінде бюджет қаражатын жымқыру және сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған. Бюджет қаражатын заңсыз шығару схемаларында көбіне белгілі бір мердігер ұйымдары болған.

Атап айтқанда, осындай фирмалардың бірінің өкілдері Ақмола өңірінің Қоянды кентінде 907 млн теңгеге күрделі жөндеу және жергілікті жол құрылысын жасамағандығы белгілі болды. Келісімшарт бұзылды, өңірдегі прокурорлар сотқа дейінгі тергеп-тексеруге бастамашылық жасап, оның шеңберінде қылмыстық құқық бұзушылық жасаудың мән-жайлары анықталып жатыр.

Солтүстік Қазақстан облысында жол жөндеуге бөлінген 423 млн теңгені жымқырды деген айыппен Ғ. Мүсірепов атындағы аудан әкімдігінің және жергілікті мердігер мекеменің басшылары қамауға алынып, жауапқа тартылды. Жұмыстарды қабылдау туралы жалған актілер бойынша жолдың жоқтығына қарамастан, миллиондаған мемлекеттік қаржыны аударған.

Мемлекеттік сатып алу кезінде орындаушыларды таңдау кезеңінде жемқорлыққа жиі жол беріледі. Мәселен, аудан прокурорларының араласуынан кейін Ақмола облысы Аршалы ауданы әкімдігінің бөлім басшысы Екатеринбург-Алматы автобанынан Берсуат ауылына дейінгі учаскені күрделі жөндеу бойынша 1,1 млрд теңгеге заңсыз шарт жасасқаны үшін теріс себептермен жұмыстан босатылған болатын.

Прокурорлар бюджеттің негізсіз шығындарының жолын кесуге ерекше назар аударады. Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында жөнделген учаскеге 148 млн астам бюджет қаражатын артық жұмсауға жол берілмеді және басшылық буындағы кінәлі лауазымды тұлға тиісті тәртіптік жазаға тартылды.

Тексеру қорытындысы бойынша барлығы 300-ден астам заң бұзушылық анықталды, 30 млрд теңге сомасына бюджет шығындарының алды алынды, мемлекет кірісіне 2,5 млрд теңге өтелді, 29 қылмыстық іс қозғалды, 305 адам тәртіптік және әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жолдардың қанағаттанарлықсыз жағдайына орынсыз жоспарлау, инновацияларды енжар енгізу, беріктігі жоғары материалдарға үнемдеу және басқа да жайттар ықпал етіп отыр.

Осыған байланысты, Бас прокуратура Үкіметке қаралып жатқан шетелдік озық тәжірибеге негізделген көлік жолдары саласын түбегейлі өзгерту бойынша ұсыныстармен қадағалау актісін енгізді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5485