Сенбі, 23 Қараша 2024
1541 2 пікір 16 Ақпан, 2023 сағат 13:13

Алмазбек Атамбаев емделу үшін Испанияға кетті

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев емделу үшін 15 ақпанда Испанияға ұшып кетті. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Жогорку Кеңеш экс-депутаты Әсел Кодуранова хабарлады.

Оның айтуынша, экс-президент емделген соң Қырғызстанға оралады. "Испанияда қанша уақыт болатынын әзірге білмейміз, себебі түрмеле 3,5 жыл отырған уақытта оның денсаулығы сыр берді. Оған ота жасалуы да мүмкін. Бірақ ол міндетті түрде Қырғызстанға оралады", - дейді Кодуранова.

13 ақпанда Жоғарғы сот жабық отырыста бұрынғы президент адвокаттарының жаңа деректер қосылуына байланысты қылмыстық істі қайта қарау жөніндегі өтінішін қанағаттандырды. Құжатта Жоғарғы соттың Атамбаеқа қатысты 2021 жылғы 12 қазандағы, 2022 жылғы 15 наурыздағы шешімдері жойылғаны айтылған. Бұған қоса, 14 ақпанда Бішкек қаласы 1-май аудандық соты Алмазбек Атамбаевқа шетелге шығуға рұқсат берді. Осылайша бұрынғы президент колониядан босап шықты.

Алмазбек Атамбаев Қырғызстан президенті қызметін 2011-2017 жылдары атқарды. Оның үстінен бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454