Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5340 0 пікір 29 Наурыз, 2013 сағат 09:11

Жат жұрттағы бес миллион қандасымыздың елге оралу сезiмiне селкеу түсiрiп алмайық!

ҚР Президентi Н.Назарбаевқа

ҚР премьер-министрi С.Ахметовке

 

Әлемнiң 40-қа тарта елiнде 5 миллионнан астам қандасымыз тұрады. Олардың 1 миллионы атажұртына оралды деп бөркiмiздi аспан­ға атып мақтанғанымызбен, 20 жылда тек олардың өсiмi ғана оралды. Демек, 5 мил­лион қандасымыз орнынан қозғалған жоқ деген сөз.

"Бос жер жау шақырады" деген атадан қалған асыл сөз бар. Ұлан-байтақ жерiмiз әлем картасында 9-орында, ал халқымыз 16-ақ миллионнан асады. Осы киелi жерiмiздi қорғайтын, әрi атажұрты - қазақ елiнiң дамуына қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша өз үлестерiн аямауға ант етiп отырған жат жұрттағы қандастарымызды көптеп тартуымыз керек.

Көршi Қытайда 1,5 мил­лионнан астам қандасымыз тұрады. Ол елдегi қазақ мектептерi қытайтiлдi мектептерге айналып кеткен. Ендi келесi 10 жылда, ол елден ана тiлiн толық бiлмейтiн, дүбәра қазақтарды көптеп кездестiруiмiз мүмкiн.

Қазiргi кезде көш тоқтады, оның да әртүрлi себептерi бар. Қытай жағын алып қарасақ:

1. Әлеуметтiк жағдайы төмен отбасыларына әртүрлi тұрмыстық жәрдемақылар тағайындауды iске асыруда.

2. Орта мектеп бiтiрген аз санды ұлт оқушыларын қытайлар тығыз қоныстанған iшкi өлкелерге жiберiп, оларды тегiн оқытуда.

ҚР Президентi Н.Назарбаевқа

ҚР премьер-министрi С.Ахметовке

 

Әлемнiң 40-қа тарта елiнде 5 миллионнан астам қандасымыз тұрады. Олардың 1 миллионы атажұртына оралды деп бөркiмiздi аспан­ға атып мақтанғанымызбен, 20 жылда тек олардың өсiмi ғана оралды. Демек, 5 мил­лион қандасымыз орнынан қозғалған жоқ деген сөз.

"Бос жер жау шақырады" деген атадан қалған асыл сөз бар. Ұлан-байтақ жерiмiз әлем картасында 9-орында, ал халқымыз 16-ақ миллионнан асады. Осы киелi жерiмiздi қорғайтын, әрi атажұрты - қазақ елiнiң дамуына қасықтай қаны, шыбындай жаны қалғанша өз үлестерiн аямауға ант етiп отырған жат жұрттағы қандастарымызды көптеп тартуымыз керек.

Көршi Қытайда 1,5 мил­лионнан астам қандасымыз тұрады. Ол елдегi қазақ мектептерi қытайтiлдi мектептерге айналып кеткен. Ендi келесi 10 жылда, ол елден ана тiлiн толық бiлмейтiн, дүбәра қазақтарды көптеп кездестiруiмiз мүмкiн.

Қазiргi кезде көш тоқтады, оның да әртүрлi себептерi бар. Қытай жағын алып қарасақ:

1. Әлеуметтiк жағдайы төмен отбасыларына әртүрлi тұрмыстық жәрдемақылар тағайындауды iске асыруда.

2. Орта мектеп бiтiрген аз санды ұлт оқушыларын қытайлар тығыз қоныстанған iшкi өлкелерге жiберiп, оларды тегiн оқытуда.

3. Қытайдың Шыңжаң өлкесiнiң орталығы Үрiмжi қаласындағы Қазақстанның визалық тәртiп бөлiмiнiң бастан-аяқ қандастарымызға визаны кезекпен берiп, әуре-сарсаңға салуының ұзақ жылдарға жалғасуы. Және Қазақстан тарапының ондағы елшiлiктерiнiң қандастармен тығыз байланыс орната алмауы.

Жоғарыдағы мәселелер ағайындарымыздың атажұртына оралуына көп кедергi келтiруде. Дегенмен, тарихи отаны - Қазақстанға келгiсi келетiндердiң саны аз емес. Оларда арман бар да, дәрмен жоқ. Қазақстан жағы көшi-қон жұмысында қа­ғазбас­тылықтан және түрлi кедергiлерден арыла алмай отыр. Сондықтан да ел президентi мен үкiметiнен өтiнерiмiз:

1. ҚР Сыртқы iстер министрлiгi Қытайдың сыртқы iстер министрлiгiмен тығыз байланыста бола отырып, ондағы қандастардың жұмысына оң ықпал жасауы керек. Әсiресе, Қытайдың Үрiмжi қаласындағы Қазақстанның визалық тәртiп бөлiмi қазақтарға кезексiз виза ашуды және көшi-қонына бағыт-бағдар сiлтеудi жолға қойса.

2. Қытай жағы сөз жүзiнде: "Бiз Қазақстанға көшемiз деушiлердiң жолындағы барлық кедергiлердi алып тастағанбыз" дегенiмен, шын мәнiнде оқу жасындағы балаларға төлқұжат бермейдi. Ендеше, әке-шешесiнен баланың бөлiнiп қалуы сынды халықаралық құқық нормаларының бұзы­луын қадағалау негiзiнде 6-16 жасқа дейiнгi оқу жасындағы балаларды ата-анасының төлқұжатына бiрге тiркеудi қалпына келтiрсе (бұл тек Iле аймағында ғана атқарылып отыр).

3. Қытайдың "қос тiлдi оқыту" дейтiн бағдарламасына сәйкес ондағы қазақ мектептерi жаппай жабыла бастады. ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi Қытайдағы құзырлы органдармен санаса отырып, олардың қазақтығын сақтаудың әртүрлi жолдарын қарастыру қажет. Ең құрығанда, Қытайдағы қандастарымыздың балалары мектептерде қоғамдық пәндердi қазақ тiлiнде оқыса, ал жаратылыстық пәндердi қытай тiлiнде оқытса да болады.

4. Шетелдегi қандастарымыз шекарадан өтерде, алып өтетiн әртүрлi ауылшаруашылық құрал-жабдықтарына, моторлы көлiктерiне, техникаларына Қазақстан жағы кеден салығын еселеп алуын тоқтатса.

5. Қытайдың Шыңжаң өлкесi Үрiмжi қаласынан "Қазақстан мәдениет орталығы" құрылса (Дүниежүзi қазақтары қауымдастығы берiп отырған мәлiмет шынайы емес).

6. Қазақстанға оралған қандастарымызға, тiркеуден бастап азаматтық алу және тағы басқа жақтардағы қағазбастылық жеңiлдетiлсе. Израиль, Германия, Ресей шетелдегi өз қандастарын көптеп шақыруда. Бiздiң Қазақстан неге қандастарын шақыру, азаматтық беру, көмектесу, бейiмдеу жағынан осы елдерден артта? Олардың озық тәжiрибелерiн неге үлгi етiп алмасқа!

7. Қандастарымыздың көпшiлiгi егiншi-малшы болғандықтан, олардың үй салуына әрi егiстiк пен жайылым, жер телiмдерiн алуына тиiмдiлiктер жасалып, тегiн жер телiмдерi кезексiз берiлсе. Қазiргi кезде ауыл, аудан әкiмдерiне барсаңыз, жер 49 жылға жалға берiлiп кеткен деп маңайына жолат­қысы келмейдi. Немесе ұзақ мерзiмдi тiркеуге алып 5-10 жыл күттiредi.

8. Шетелден келетiн қазақ студенттерiне квота 2 пайыз (1400 оқушы) ғана, оны неге 5 пайызға көтермеске? Әрi олардың университеттерде жүрiп, азаматтық алуы қамтамасыз етiлсе. Сөйтiп, университеттi бiтiре сала жұмысқа орналасып кетуiне жол ашылса.

9. Бұрынғы Iшкi iстер министрлiгiне қарасты көшi-қон комитетi оралмандарға азаматтық және квота беру жұмысымен айналысқан. Осы комитет азаматтыққа құжат жинаған оралмандардан: тұрғылықты елiнiң азаматтығынан шығып кел және сотталмады деген қағаз әкел деген сияқты қандастарымыздың түрған елiнiң заңына қайшы келетiн, қисынсыз қағаздар талап етiп, оралмандардың азаматтық алуына кедергi жасап келдi. Ендiгi еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi осы келеңсiз жағдайларды болғызбайды деп бiлемiз. Тағы да өтiнерiмiз - үкiмет жанынан арнайы көшi-қон агенттiгi құрылып, оралманға қатысты барлық жұмыстар осы агенттiкке жүктелсе.

10. Қазақта "Шымшық сойса да қасапшысы сойсын" деген аталы сөз бар, Көшi-қон комитетi немесе Дүниежүзi қазақтары қауымдастығының бiрiншi немесе екiншi орынбасары сөзсiз елге оралған оралман өкiлiнен шыққан - жас, тәжiрибелi, батыл, зиялы азаматтардан болуы керек. Сонда ғана Көшi-қон немесе "қауымдастық" жұмысына жан бiтiп, шетелдегi қандастарымызбен байланысымыз тереңдейдi. Әрi атажұртына, арып-шаршап оралған ағайынның талап-тiлектерiнiң iске асуына мүмкiндiк туып, құзырлы органдардың есiгiн тоздыратын ескi әдеттi болғызбауға болады.

Жоғарыдағы аталған мәселелердiң маңызы зор болғандықтан, сiздердiң осы хатпен танысып, бұл жайға араласуыңызды, сөйтiп, жат жұрттағы - жаһандану заманында, ассимиляцияға ұшырау алдында тұрған 5 миллион қандасымыздың ұлт ретiнде сақталып қалуына әрi атажұртына алаңсыз оралуына көмектесулерiңiздi өтiнемiз.

Қайрат Байтоллаұлы, Республикалық "Отандас-ел" қоғамдық бiрлестiгiнiң бас хатшысы; Мақсұтқан Дәлейұлы, "Баркөл бау-бақша" серiктестiгi, тұтыну кооперативiнiң төрағасы; Қарқын Рамазанұлы, Қытайдың Қазақстандағы "Синопик" компаниясының бөлiм меңгерушiсi; Ерболат Шәрiпұлы, жеке кәсiпкер; Бақыт Шағбанұлы, оралман және тағы басқалар.

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036