Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
3112 4 пікір 17 Ақпан, 2023 сағат 15:43

Павлодарда Нұрлан Мәсімовтың соты өтіп жатыр

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында осы өңірде полиция департаментін басқарған Нұрлан Мәсімовке қатысты сот отырысы қайта жалғасты. Бұл туралы Ulysmedia жазды.

17 ақпанда алдын ала тыңдау өтеді.

Еске салсақ, былтыр 17 қаңтарда Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов қызметінен босатылған еді.

Сол жылы маусымда Павлодар облыстық Полиция департаментінің бұрынғы бастығы Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланған болатын. Оған аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген айып тағылды.

Кейін іздеу жарияланған Нұрлан Мәсімов туралы ақпарат берген адамға 12 млн теңгеге дейін сыйақы берілетіні хабарланды.

2022 жылы 13 шілде де ҚР Ұлтық қауіпсіздік комитетінің өкілдері Нұрлан Мәсімовті Ресеймен шекарада ұстады.

Бұдан бұрын сот қамауда отырған Нұрлан Мәсімовке 428 мың теңге айыппұл салған.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1152
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2683
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 800
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 770