Сенбі, 23 Қараша 2024
1436 0 пікір 18 Ақпан, 2023 сағат 16:45

Екібастұз тұрғындары тағы жылусыз отыр

Екібастұз ЖЭО-да апат болып, тұрғындар тағы да жылусыз қалды.

«18 ақпанға қараған түні сағат 4:55-те станцияда желілік су құбырының тығыны ашылып кеткен. Желілік су құбырын жөндеу үшін № 12, 13, 15 қазандық агрегаттары, желілік сорғылар жұмысы тоқтатылды», - деп хабарлады сенбіде «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС.

Кәсіпорынның № 5, 6, 9 энергетикалық қазандық агрегаты жұмыс істеп тұрған, бірақ жылу төмендетілген.

Кәсіпорын түнгі 12-ге дейін зақымдалған учаске қалпына келтіріліп, жылу беріледі деп отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 27 қарашада Павлодар облысындағы Екібастұз ЖЭО-да апат болып, халық 30 градустық аязда жылусыз қалған болатын. Бұған дейін де осындай апат болған. Нысанды олигарх Александр Клебанов басқарады. 28 қарашада Екібастұзда төтенше жағдай режимі енгізілді. Сол күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев «мәселесі бар» энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтаруды тапсырды. Апат бойынша ЖЭО-да тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417