27 қаңтарда Әзербайжанның Иран астанасындағы елшілігіне жасалған қарулы шабуыл кезінде қауіпсіздік қызметінің басшысы мерт болып, екі күзетші жараланды.
Ильхам Алиев Әзербайжанның Теһрандағы елшіліге жасалған шабуылды "ұйымдастырылған террористік акт" деп атады. Оның пікірінше, терроршыны тоқтатқан күзетшілердің бірінің ерлігі ғана елшілік дипломаттары мен олардың отбасыларын өлімнен арашалап қалды.
"Терроршы осы шабуылдан соң иран ақпарат құралдарына сұқбат бергенінен-ақ оны иран истеблишментінің өкілдері жібергенін аңғаруға болады" дейді Әзербайжан басшысы.
Әлиев Иран билігінен шабуылды әділ тексеруді, оның барысын Бакуге хабарлап отыруды талап етті.
Мюнхендегі халықаралық конференция кезінде журналистермен тілдескен президент иран истеблишментінің өкілдері теракт ұйымдастырушы ретінде жазаланбайынша, екі ел арасындағы қарым-қатынас жақсаруы мүмкін емес деп мәлімдеді.
Иран сыртқы істер министрлігінің өкілі Насер Канаани Бакуді Теһрандағы елшілікте болған шабуылға қатысты болжам жасауға асықпауға, істі саясиландырмауға шақырды.
27 қаңтарда Калашников автоматын асынған бір ер азамат Әзербайжанның Теһрандағы елшілігіне шабуылдады. Қауіпсіздік қызметінің басшысы оққа ұшты, екі күзетші жараланды. Қылмыскер ұсталды. Тергеу кезінде ол 2022 жылғы сәуірден бері із-түссіз жоғалған әйелі елшілік ғимаратында деп ойлағанын айтқан.
29 қаңтарда Әзербайжан Теһрандағы дипмиссия қызметкерлері мен олардың отбасыларын Бакуге көшіріп алды. Әзербайжанның Теһрандағы елшілігі дипломатиялық қызметін тоқтатты. Қазір Иранда Әзербайжанның Тебриздегі консулдығы ғана жұмыс істеп тұр.
Abai.kz