Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Айқай 2591 7 пікір 21 Ақпан, 2023 сағат 13:31

Байден Путиннің алдын орап кетті

Өткен дүйсенбінің басты жаңалығы Америка президенті Байденнің әуе шабуылы дабылын елемей, Киевте еркін жүруі болды. Ақ үй басшысының ұшағы Тынық мұхитты көктей өтіп, Польшаға қонып, одан 10 сағат пойызға отырып, Украина астанасына жеткен. Жасы сексендегі адам үшін тығыз уағыт кестесінің жүйкеге салмақ салары анық. Оған Кремльдің ядролық қару құқайын қосыңыз.

Президент Байден мырза Зеленскиймен кездескенде: «Бұдан бір жыл бұрын, сырт көз орыс әскері тез арада Украина астанасын басып алады деп ойлап еді. Арада бір жыл өтті, Киев бұрынғыдай еңсе көтеріп тұр. Украина асқақ тұр. Демократия да нық тұр. Америкалықтар сіздермен бірге, әлем жұрты да сіздермен бірге», - деді.

Путинге қарата: «Ол бізді біріге алмайды, ұзаққа шабамын деп ойлады. Қазір миында не бер екенін бір құдай біледі. Себебі ол оңбай қателесті», - деді. Киевке құры келмей 700 танк бастатқан құны 500 миллион доллардық жаңа әскери көмегінің тізімін жариялады. Зеленский Ақ үй басшысымен алыс аралыққа жететін қару жайында талқылағанын жеткізді.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Байденнің Украинаға баратынын Ресей тарапқа бірер сағат бұрын ескерткенін мәлімдеді. Оның екі ядролық держава арасында ықтимал қақтығыстың туындауының алдын алу мақсатында жасалған қадам екенін айтты.

Осылайша демократиялы әлем жетекшісі Ресей әскерінің Украинаға басып кіргенінің бір жылдығы қарсаңында өзінің қатаң позциясын Кремльге ашық көрсетіп қайтты. Оның алдында «Мюнхен қауіпсіздік жиынында» АҚШ-тың орынбасар перезиденті: «Путин адамзатқа қарсы қылмыс жасады»,- деп айыптаса, Америка мемлекет істер хатшысы қытайлық әріптесінің көзіне тіке қарап: «Ресейге қару берсеңдер, арты жаман болады»,- деп қатаң ескерткен еді.

Путиннің де Украина соғысының бір жылдығына орай Қытай басшысына сауын айтып, халыққа жолдау арнауға қамданып жатқаны белгілі. Ақ үй басшысы оның алдын орап кетті. Мәскеуге Қытайдың сыртқы істер өкілі келді. Зеленский Қытай тарапқа Ресейге қару берсе үшінші дүниежүзілік соғыс басталатынын ескертті.

Путинге енді Украинамен ғана емес, күллі Батыспен соғысып жатқанын жеңілістің басты себебі етіп, ақталудан басқа жол қалмады.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2052