Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3672 0 пікір 18 Тамыз, 2009 сағат 06:36

Зырян тұрғындары өз үйлерінің су астында қалу қаупі барлығын айтады

Өскемен. 17 тамыз. ҚазТАГ – Шығыс Қазақстан облысының Зырян қаласының консервацияланған ашық жұмыстар кенішіне (АЖК) жақын орналасқан тұрғын үйлерді су басу қаупі күн сайын артып келеді. Карьердегі су деңгейі қауіпті деңгейден асып қаланың төменгі жағындағы үйлерді су басу қаупі туындады. Бұл туралы су астында қалу қаупі бар аудан тұрғындары хабарлады.

Бұрын хабарланғандай, Зырян АЖК-ін 2001 жылы консервациялаумен карьерді жер асты суы баса бастады. Бірақ мамандар есептегендей су деңгейі қауіпті деңгейге 25-30 жылда емес, 8 жылда жетті. Бүгінге жиналған су көлемі 80 млн текше метр,  карьердің тереңдігі 300 метр.

АЖК-ні су басуы Зырянның төменгі жағындағы жер асты суы деңгейінің көтерілуіне әкелді де, сол маңдағы жеке сектордың бірқатар көшелерін су басты. Маусымда карьерді мамандар тексеріп, ахуал төтенше деп бағаланып, Шығыс Қазақстан облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың жеке бақылауына алынған болатын.

«Гидролог мамандардың ұсынысмен екі пантон жасап, оған қуаты 200 кВт-тық су сорғыштар орнату, сонымен қатар жергілікті Березевка өзеніне су бұрғыш бұрынғы жүйені қалпына келтіру ұйғарылған. Жерасты су еңгейін төмендету үшін судың экологтар таза деп тапқан 17 метрін су сорғыштармен өзенге айдау қарастырылған. Жарамсыз деп танылған үйлердің тұрғындарын көшіріледі. Бұл мақсатта облыстық бюджеттен 80 млн теңге бөлінген», - деп хабарлады ШҚО ТЖД-нен.

Жоспарланған мерзім бойынша су сорғыштары бар бірінші пантон 4-ші тамызда іске қосылуы керек еді. Бірақ жергілікті тұрғындардың айтуынша жұмыс әлі аяқталған жоқ. Ал су болса карьерде күн сайын 1-1,5 см-ге көтеріліп бөгеттің қауіпті деңгейіне дейін жетті. Жер асты суынан биылғы көктемнен бері жақын маңдағы бірнеше үйлер мен шаруашылық сарайлар қираған. Ауладағы бақшаларды су басқан.

«Біз адам төзгісіз жағдайда тұрып жатырмыз. Бәрін су басқан. Бірақ бізді ешкім көшіру харекетін ойлап жатқан жоқ. Біз су әні-міне бөгеттен асып, адам шығынына ұрындыра ма деп қауіптенеміз», - дейді Зыряндықтар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339