Министр: Газды үнемдеп үйрену керек!
Энергетика министрі Болат Ақшолақов тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушыларға газды үнемдеп тұтынуды ынталандыру үшін сараланған баға енгізу керек деп санайды.
«Энергетика министрлігіне Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен, жергілікті атқарушы органдармен, Самұрық-Қазынамен, Қазақгазбен бірлесіп осы тетікті әзірлеп, енгізуді тапсыруыңызды сұраймын», - деді Болат Ақшолақов Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтан.
Оның сөзінше, елдің жылы аймақтары орташа температурасы әлдеқайда төмен аймақтармен бірдей деңгейде газ тұтынады, сондықтан халықты газдандыру бойынша белсенді жұмыспен қатар энергия ресурсы ретінде газды ұтымды, үнемдеп тұтыну мәдениетін енгізу қажет.
Сондай-ақ Болат Ақшолақов өңірлерді одан әрі газдандыру үшін қабылдануы қажет қосымша іс-шараларды атады:
«Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистральдық газ құбырының 2-ші тізбегін салу; көгілдір отынға қол жеткізудің ашық тетігін қамтамасыз ету үшін осы жылы Қазақгаздың газға қосылу процестерін цифрландыруды аяқтау; газбен жабдықтау объектілерін жергілікті атқарушы органдардан Қазақгазға беру жөніндегі жұмысты жеделдету.
Abai.kz