Сенбі, 23 Қараша 2024
1563 1 пікір 22 Ақпан, 2023 сағат 11:58

Хаменова Жоғарғы сотқа шағым түсірмек

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова Жоғарғы сотқа шағым түсіретінін мәлімдеді.

Кеше, 20 ақпанда Б.Хаменованың ісіне қатысты апелляциялық шағымы қаралды және сот алқасы 7 жылға сотталған экс-шенеунікке шыққан үкімді өзгеріссіз қалдырды. Енді Б.Хаменова Жоғарғы сотқа шағым түсіретінін айтып отыр.

«Ендігі үміт – Жоғарғы сотта. Менің еш кінәм жоқ. Сондықтан кассациялық сатыдағы Жоғарғы сот істің егжей-тегжейін қарап, үкім шығарады деп ойлаймын. Өзімнің ақтығымды дәлелдеу үшін соңына дейін күресемін. Жоғарғы сотқа жүгініп, әділдікке жетеміз», - деп мәлім етті ол тілшілерге.

Еске салайық, Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы былтырғы 11 тамызда басталған еді. Айыптау актісі 55 беттен тұрды.

Былтырғы 15 қарашада үкім шығып, ол 7 жылға сотталды. Сот облыс әкімінің бұрынғы орынбасарын ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабы 3-бөлігінің 2-тармағымен (Ірі көлемде пара алу) кінәлі деп таныды.

Оның жас балаларының бары ескеріліп, Қылмыстық кодекстің 74-бабы 1-бөлігіне сәйкес жазаны өтеу мерзімі 3 жылға кейінге қалдырылды.

Кейін Хаменова сот үкіміне аппеляциялық шағым түсірді.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353