ҚКБ ипотеканы қаржыландырудың өзіндік бағдарламасын іске қоспақшы
Алматы. 17 тамыз. ҚазТАГ – Ипотеканы қаржыландырудың мемлекеттік бағдарламасын аяқтап, «Қазкоммерцбанк» АҚ (ҚКБ) жеке өзінің осындай бағдарламасын іске қоспақшы, делінген банк дүйсенбі күні таратқан хабарында.
«Біз қайта қаржыландыруға деген сұраныс бағдарлама бойынша бөлінген қаражаттан асып кеткенін көріп отырмыз, сондықтан осы бағыттағы жұмысты жалғастыру ниетіндеміз», - деді «Қазкоммерцбанк» АҚ басқарма төрағасы Нина Жүсүпова.
13-ші тамызға үкімет «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ желісі арқылы бөлген 24 млрд теңге қаражарт игерілді. 5921 қарыз алушы ипотекалық несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемелерін төмендете алды, оның ішінде ипотекасы жылдық 9% мөлшерлемемен қайта қаржыландырылған 1491 бюджеттік сала қызметкерлері де бар. Жалпы несиелердің арзандауы 15%-ды құрады.
«Біз үкіметке көрсеткен қолдауы үшін алғысымызды айтамыз. Қолданылған шаралар ипотекашыларға да банкке де пайдалы болды. Ипотеканы қайта қаржыландыру айтарлықтай нәтижелер бере бастады: несиелік портфель сапасы нашарлауын тоқтатты, көптеген адамдар жалғыз баспанасына төлеп отырған өздерінің төлемдерін азайта алды», - деді Н. Жүсүпова.

Бағдарламаны іске асыру барысында банкке 8506 өтінім түсіп, олардың 26,439 млрд теңгелік 6399 өтінімі қанағаттандырылды. Тиімді жұмыс жүргізу әрі клиенттерге ыңғайлы болуы үшін несиелік бөлімдердің жұмыс уақыты ұзартылып, қосымша персонал тартылды. Мұның барлығы енді банкке өзінің несиелерді арзандату бағдарламасын жіберуге мүмкіндік жасады.
Қазкоммерцбанк ең көбі Астананың тұрғындарына - 934 қарыз алушыларға несиелерін қайта қаржыландырды. Астана қаражатты игеру жағынан да көш басында – 4,943 млрд теңге. Одан кейін Алматы – 596 несиеге 4,831 млрд теңге игерілді.
«Қазкоммерцбанк» АҚ - қазақстандық банк жүйесіндегі көшбасшылардың бірі. ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) мәліметтеріне сәйкес, 2009 жылдың қаңтар –мамырында банктің активтері 2,62 трлн теңгені, жеке капиталы 261 млрд теңгені құрады. Аталған кезеңде банктің таза таратылмаған кірісі 102,6 млн теңгені құрады. 30 қаңтарда «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Қазкоммерцбанкте» $1 млрд көлемінде депозит орналастырды, ол банкті қайта капитализциялауға (36 млрд теңге) және экономиканың нақты секторын несиелеуге (84 млрд теңге) бағытталды. 5 мамырда банк өзінің жарғылық капиталын банктің қарапайым акцияларын орналастыру есебінен арттыратынын хабарлады. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ банктің қарапайы акцияларының 21,2% сатып алды.