Сәрсенбі, 2 Қыркүйек 2026
Билік 2843 0 пікір 27 Ақпан, 2023 сағат 11:13

Қанша қазақстандық дауыс бере алады?

Орталық сайлау комиссиясына 12 032 550 дауыс беруші тіркелді.

«ҚР Сайлау туралы заңға сәйкес жергілікті атқарушы органдар сайлаушылар тізімін қалыптастыруы тиіс. Ал аумақтық сайлау комиссиясы акт бойынша сайлаушылар тізімін уақтылы қабылдап, бақылауда ұстау қажет. Сайлаушылар тізімі екі күннің ішінде электронды түрде Орталық сайлау комиссиясына ұсынылды. Әр сайлаушы жергілікті атқарушы органда дауыс беруші ретінде тіркелуге құқылы. Егер азамат сайлауға дейін 30 күннің ішінде тұрғылықты жерінде болмайтын жағдайда өзі болатын жерде тіркеліп, сайлауға қатыса алады», – деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Оның айтуынша, сайлаушылар тізімін жасақтауға қатысты 17 310 өтініш келіп түскен, нәтижесінде 48 001 азамат сайлаушы ретінде тіркелді.

«Сайлаушылар тізімін жасау барысында республика бойынша 12 032 550 дауыс беруші тіркелді. 4 наурыздан бастап қазақстандықтар өзін сайлаушылар тізімінде бар-жоғын және дұрыстығын тексере алады», - дейді ол.

Еске салайық, 19 наурызда Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 431
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1622
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 402
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 382