Сенбі, 27 Шілде 2024
Билік 2265 1 пікір 28 Ақпан, 2023 сағат 15:04

Сайлау 2023: Партиялардың теледебаты өтеді

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы аясында 2023 жылғы 1 наурызда «Qazaqstan» телеарнасының тікелей эфирінде саяси партиялар арасындағы пікірсайыс өтеді.

Пікірсайысқа сайлауға түсетін 7 партия өкілі қатысады.

«Amanat» партиясының атқарушы хатшысы Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Жигули Дайрабаев, «Respublica» партиясының тең төрағасы Сырымбек Тау, Қазақстан Халық партиясы төрағасының орынбасары Асхат Асылбеков, «Байтақ» партиясының төрағасы Азаматхан Әміртаев, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасары Дүйсенбинов

Берік, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Әуесбаев 4 кезең бойынша өзара пікірсайысқа түседі.

Тікелей эфир уақыты: 1 наурыз 20:30-да. Пікірсайыс «Qazaqstan» телеарнасының You Tube, Facebook және Telrgram-арналары арқылы да тікелей трансляцияланады.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Абай мұрасы

Абай іліміндегі өмір мақсаты не?

Досым Омаров 1450
Ой түрткі

Әлмерек абыздың оралуы - Елге діннің оралуы

Бақтыбай Айнабеков 2326
Көршінің көлеңкесі

Ресей тілдік һәм саяси экспансияны қалай жүргізді?

Бейсенғазы Ұлықбек 2327