Жұма, 22 Қараша 2024
2534 13 пікір 1 Наурыз, 2023 сағат 12:43

АҚШ ОА елдеріне көмек көрсетеді

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Астанаға барған сапары кезінде Ресейге тәуелділігін әлсірету үшін Орталық Азия елдеріне көмек көрсетілетінін жеткізді.   

Орталық Азия елдерімен бірлескен С5+1 дипломатиялық саммитіне қатысқан АҚШ мемлекеттік хатшысы аймаққа 25 миллион доллар көмек ретінде берілетінін айтты.

Ресейдің Украинаға әскери шабуылы тұсында Құрама Штаттар Орталық Азияның "егемендігі, тәуелсіздігі және аумақтық тұтастығы маңызды" екенін атап өтті.

Қазақстан президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Блинкеннің сапарын екі ел арасындағы "стратегеялық ынтымақтастыққа қосымша серпін беретін маңызды кездесу" деп атаған.

С5+1 саммиті 2015 жылдан бері бірнеше рет өкізілді. Бұл жиынға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан сыртқы істер министрлері қатысады.

Астанада өткен баспасөз мәслихаты кезінде Блинкен Қытай адресіне Ресейге әскери көмек көрсететін болса салдары ауыр болатынын айтып, тағы ескерту жасады.

28 ақпанда кештетіп АҚШ мемлекеттік хатшысы Өзбекстанға ұшып кетті. Одан әрі "G20" саммитіне қатысу үшін Үндістанға барады.

 

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303